Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бизнес пен инвестицияларды қорғау – басты басымдықтарының бірі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:33 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266427-biznes-pen-investitsiyalardy-qorghau-–-basty-basymdyqtarynynh-biri


Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы жолдауында атап өткендей, пандемия кезеңінде шағын және орта бизнес қиын жағдайға тап болып, қолдауға аса мұқтаж. Осы ретте, бизнеске заңсыз араласу, оның қызметіне кедергі келтіру «мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс» ретінде қабылдануы тиіс.

Кәсіпкерлік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, инвестициялық тартымдылықты және халықтың әл-ауқатын арттырады.

Бұл бағытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі  қолайлы инвестициялық ахуалды нығайту, кәсіпкерлер тап болатын барлық процестерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған «Protecting business and investments» (бұдан әрі – PBI) жобасын іске асыруда.

Агенттіктің алаңында жобалық кеңсенің жетекшісі О. Савеленко 2020 жылғы PBI жобасының қорытындылары туралы есеп берді.

Бүгінде Агенттік жалпы сомасы 16,3 трлн. теңгенің 656 бизнес-жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейді.

Қатаң карантин режиміне қарамастан, былтырғы көрсеткіштер 2019 жылмен салыстырғанда жоғары және жобаның 2018 (бірінші) жылғы көрсеткішіне жақындады.

2020 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығымен салыстырғанда жасалған келісімдер саны 40,4%–ға өсті (I жартыжылдық – 99, II жартыжылдық - 139).

Мәлімделген инвестициялар сомасы 8 есеге артты (I жартыжылдық - 0,5 трлн теңге, II жартыжылдық - 4,2 трлн теңге).

Жасалған келісімдердің жалпы статистикасына сәйкес әр өңірдегі келісімдердің орташа саны 25-тен 45-ке дейінгі аралықта ауытқиды.

Айта кету керек, 115 жобада, яғни әр бесінші жобада (17,7%) шетелдік қатысу (23 ел) байқалады, ал 4-ші тоқсандағы өсім 4,5% құрады.

Қытай (35), РФ (15), Түркия (13), Германия (11) кең таралған, БАӘ-нен (5), АҚШ-тан (4) және Польшадан (3) инвестициялар белсенді тартылуда.

Басқа елдердің – Әзірбайжан, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Дания, Үндістан, Иран, Испания, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Словакия, Франция, Чехия, Швейцария және Жапонияның жобалары сүйемелденуде.

Жобалық кеңсенің жұмысына түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, олар кәсіпкерлермен өзара әрекеттесу тетіктеріне, әсер ету құралдарына және шағымдарды шешу әдістеріне, практикалық нәтижелерге қызығушылық танытады.

Осы ретте, бизнес-жобаны Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуінің негізгі шарты – инвесторларды адал бизнес жүргізуге міндеттейтін келісімге қосылуы екенін атап өткен жөн.

1

Сүйемелденетін бизнес жүгінетін проблемалық мәселелерді шешуде белгілі бір табыстарға қол жеткізу – ең алдымен, Агенттіктің, «Атамекен» ҰКП-ның, Сыртқы істер министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арасындағы сындарлы ынтымақтастық пен жедел өзара іс-қимылға негізделген.

Бизнесмендердің өтініштері бойынша жүйелі әкімшілік кедергілерді анықтау және оны «Атамекен» ҰКП-ның проблемалар тізіліміне енгізу жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Тізілімнің мазмұндық бөлігі кәсіпкерліктің жүйелі проблемаларын шешу бойынша жинақтауды, жіктеуді, ұсыныстар әзірлеуді және оларды іске асыру барысына, оның ішінде заңнамаға және НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жолымен мониторинг жүргізуді білдіреді.

Бүгінгі күні тізілімде 373 проблемалық мәселе бар, оның 255–і шешілді, 76-сы мемлекеттік органдар мен "Атамекен" ҰКП-ның қарауында, 42-сін шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Агенттік ашық және «Халық үніне құлақ асатын» мемлекетті қалыптастыру бойынша, оның ішінде өз қызметінің басымдықтарының бірі болып табылатын бизнес пен инвестицияларды қорғау аясында практикалық шаралар қабылдауда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359258
Пікірлер

Көрші сілтемелер