Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түрленген Түркістан



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:21 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266416-turlengen-turkistan


Шараны ашып, сөз алған қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов: «Бұл конференция Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай өткізіліп отыр. Егемендікке қол жеткізген жылдардан бастап еліміздегі тарихи-мәдени орындар қайта түлеп, ежелгі мұралар қалпына келе бастады. Соның бірі – Түркістан қаласындағы қасиетті нысандар. Аталмыш ғылыми шара 30 жылда қол жеткізген жетістіктеріміз бен зерттеу еңбектерімізге, сонымен қатар көне мұралардың ашылуы тиіс рухани беттерін зерттеп-зерделеуге тың серпін беріп, ғалымдарымыздың пікірлерімен толыға түсетініне сеніміміз мол. Конференцияға қатысып отырған тарихшы мамандардың атқарған еңбек­тері – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми жұмыстарының жандануына өлшеусіз үлес қосып келді. Осы бағытта қорық-музей жанынан тарихи орындар мен тұлғаларға арналған кітаптар шығарылуда. Тағы да бір қуанышты жаңалық – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар тізімі жаңарды. Ғылыми кеңес бұған дейін белгісіз болып келген 12 тұлғаның осында жерленгені туралы тарихи деректерді тапты. Бүгінгі басқосу барысында тың тақырыптар қозғалып, пікір білдіріледі, бұл әрбір тақырыптың мазмұнын ашып, нақтылануына жол ашары анық» деді.

Басқосу барысында көне және жаңа Түркістанның тарихи даму сабақтастығы, 30 жыл ішінде атқарылған жұмыстар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласын дамыту және тарихи орындарды қайта жаңғырту жолындағы серпінді істері, ұлттық сана, Ұлы Дала елі ұғымының мазмұны, ортағасырлық қалалардың зерттелуі мен тарихы, Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымының мәні, археологиялық қазба жұмыстар барысындағы ғылыми жетістіктер, тұлғалар ізі қалған қасиетті мекенді таныту бағытында өрбіп, жоғарыда атап өтілген бағыттарға қатысты баяндамалар тыңдалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359247
Пікірлер

Көрші сілтемелер