Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әлихан Бөкейханның ғылыми мұрасы жете зерттеуді қажет етеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:18 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266414-alikhan-bokeykhannynh-ghylymi-murasy-dgete-zertteudi-qadget-etedi


Әлихан Бөкейханның есі­мін мәңгі есте қалдыру, та­ри­­хи-мәдени мұрасын сақтау мақ­­сатында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­­­тық университетінің «Алаш» мәде­ниет және рухани даму инс­титутымен  және «Ауыл шаруа­шылығы ардагерлерінің кеңе­сі» қоғамдық бірлестігімен бір­ле­се отырып, бірқатар іс-шараны жү­зеге асыруда.

Атап айтқанда, Ә.Бөкейханның 155 жылдық мерейтойы қарса­ңында Бу­ра­бай курорттық айма­ғында орна­лас­қан Қазақстандағы жалғыз орман шаруашылығы және агроорман шаруа­шылығы ғы­­лыми-зерттеу инс­титутына ал­­ғашқы ұлттық ғалым-ор­ман­шы­ның есімі берілді.

Бүгінгі таңда бұрынғы Импера­тор­лық Орман институтының бас оқу кор­пусының – бүгінгі Санкт-Пе­тер­бург мемлекеттік орман тех­ни­калық уни­верситеті ғима­раты­ның қабыр­ға­сына оның үздік түлектерінің бірі – Әлихан Бөкей­ханға арналған мемо­риалдық тақ­та орнату мәселесі қолға алынды.

Аталған жоғары оқу ор­ны­ның бай кітап­ханасына Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығар­малар жинағы сыйға тартылды. Ол «Әлеуметтік маңызды әдебиет» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген.

Сонымен қатар Әлихан Бө­кей­хан­ның тарихи-мәдени мұ­ра­сын сақтауда ауқымды +істер ат­қа­рылғанымен, оның ғы­лыми мұ­расын зерттеу мәселесі, қа­зіргі жетекші ауыл шаруашылығы ға­лымдарының пікірінше, жете ес­ке­рілмей отыр. Өйткені көрнекті қай­­­рат­­кердің қазақтардың егін және мал шаруашылығы бойынша, оның ішін­де қой шаруашылығы мен жыл­қы шаруашылығы туралы статист-ға­лым­дар Ф.Щербина (1897-1901 жж.) мен С.Швецовтың (1902-1903 жж.) бас­шылығымен бірқатар ғылыми экс­­­пе­­диция құрамында жүргізген ір­гелі зерттеулері бар. Сондай-ақ 1926 жы­лы Қазақ АССР-інің Адай ауданын (қазіргі Атырау, Маңғыстау, Батыс Қа­зақ­стан және Ақтөбе облыстары) зерт­теген КСРО Ғылым академия­сы­ның Антропологиялық экспедициясына қатысқан.

Әлихан Бөкейханның кейінгі ұр­пақ­қа қалдырған бай мұрасы, әсі­ресе ір­гелі зерттеулері Қазақ­стан Респуб­ли­касының зияткерлік меншігін құрай­ты­ны сөзсіз. Сон­дықтан оның ғылыми еңбек­терін жан-жақты талдау егемен елі­міз­дің ауыл шаруашылығы саласын да­мыту ісінде пайдасы тиюі әбден мүмкін.

Өзінің бүкіл саналы өмірін хал­қы­­мыздың бостандығы, қазақ ұлт­тық мемлекетінің қайта өркендеуі мен­ тәуел­сіздігі үшін күреске ар­на­ған­ Әли­­хан Бө­кей­ханның бай мұ­ра­сын ел игі­лігіне, өскелең ұрпаққа патриот­тық тәр­бие беру ісінде барынша пай­далана біл­гені­міз жөн.

 

Майкен ЗЕНОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты                          

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359242
Пікірлер

Көрші сілтемелер