Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Бәйтерек» холдингі баспана құрылысына қосымша 61 млрд теңге тарта алады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:18 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/bayterek-holdingi-baspana-kurylysyna-kosymsha-61-mlrd-tenge-tarta-alady_a3756436


«Бәйтерек» холдингі баспана құрылысына қосымша 61 млрд теңге тарта алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» холдингі баспана құрылысына қосымша 61 млрд теңге тарта алады. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет басшысы: Биыл 17 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі Қазақстанда баспана кезегіне тұратындар саны жыл сайын 50 мыңға артады Елімізде тұрғын үй қорын басқаратын бірыңғай оператор құрылады

«Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша әкімдіктер айналымында қазір әрбір 2 жыл сайын циклдық мәні бар 387 млрд теңге бар. Құрылыс көлемін ұлғайту үшін Бірыңғай оператор нарық жағдайында қосымша 61 млрд теңге тарта алады. Тартылатын қорландыру қаражаты ағымдағы көлемдермен микширлеуге бағытталатын болады. Бұл әкімдіктердің облигацияларын жылдық 4,25 пайызбен бірыңғай мөлшерлеме бойынша сатып алуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл қаражат айналымын 448,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, 2,5 млн шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.

«Биыл нарық жағдайында барлығы 300 млрд теңге тарту жоспарлануда. Әлеуетті инвесторлар ретінде коммерциялық банктер, сақтандыру және қаржы ұйымдары ішкі және ресейлік нарықтарда қарастырылады. 1-тоқсанда Еуразиялық даму банкімен және Ресей Сбербанкімен келіссөздер аяқталады.

Қосымша, еркін кепілдік базасының болмауына байланысты банктерден коммерциялық кредиттер ала алмайтын қаржылық - тұрақты құрылыс салушыларды қолдау үшін жобалық қаржыландыру тетігін енгізу ұсынылады», - деді Айдар Әріпханов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359241
Пікірлер

Көрші сілтемелер