Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жайбарақат жүруге болмайды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:09 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266408-zhaybaraqat-dguruge-bolmaydy


Осыған орай Шымкентте карантин уақыты 8 наурызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың жаңа қаулысында айтылды. «Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылдың 22 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылдың 8 наурызы сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын», делінген құжатта. Осы уақыт аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ шаһарда 65 жастан асқан адамдардың жиі жүріп-тұруы шектеледі. Әрі тұрғындарға екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағу міндеттелген.

Шаһар «жасыл аймақта» тұр деген аты болмаса, COVID-19 індетін жұқтырғандар саны әлі де азаяр емес. Қалада 24 қаңтар мен 19 ақпан аралығында COVID-19 ауруының 6 040 жағдайы тіркелген. Оның 3 075-і симптомды болса, 2965-і – симп­томсыз. Жалпы 5 510 адам емделіп шыққан. Сон­дай-ақ 18 ақпанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада науқастарды қабылдауға арналған 1 060 төсектік орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500). Оның ішінде 890-ы бос. Ал жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 170 науқас ем қабылдауда.

Ғалымдар елімізде салынып жатқан Спутник V вакцинасының оң әсері, пайдасы туралы жиі айта бастады. Жақсы жаңалық санасын қорқыныш билеген ел тұрғындарына сенім мен жігер берді. Осылайша, азаматтар өз еркімен екпе ектіре бас­тады. Мәселен, Шымкентте 19 ақпанға дейін коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасының бірінші компоненті бойынша ерікті түрде 1 мың адамға екпе салынды. Атап айтар болсақ, екпе алғандар: бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйым­дарынан – 472, медициналық жедел жәрдем көрсету мекемесінен – 94, инфекциялық ауруха­надан – 54 медицина қызметкері, сондай-ақ басқа ауруханалардан – 298, санитарлық-эпи­­де­миялық бақылау қызметінен – 78 және
4 ерікті қала тұрғыны.

Бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеген. Алғаш екпе алған 1 мың адамға 23 ақпаннан бастап Спутник V вакцинасының екінші компоненті салына бастайды. Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Бақытжан Позилов осылай деп мәлімдеді. Баспасөз мәжілісінде шаһардың бас дәрігері қа­ладағы эпидемиялық ахуал мен вакциналау жұ­мыс­тары бойынша баяндады.

«Шымкент қаласында коронавирусқа қарсы 1 мың доза Спутник V препаратының бірінші компонентін салу толық аяқталды. Аталған ек­пені ерікті түрде алғашқы медициналық-са­ни­тарлық көмек көрсету ұйымдары, жедел жәр­дем көрсету мекемелері, инфекциялық ауру­хана және са­ни­тарлық-эпидемиялық бақылау қыз­­меткерлері қабылдады», деді Бақытжан Жол­дасбекұлы. Басқарма басшысының айтуынша, екінші кезеңде вакцина педагогтерге салынады. Бұл қызметкерлерге отандық Qazcovid-In вакцинасы егіледі.

Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиялық жағ­дай тұрақты. Ауруханаларда төсектік орын жеткі­лікті. Қоймалардағы дәрі-дәрмек қоры да көңіл көн­шітерлік жағдайда.

 

ШЫМКЕНТ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359232
Пікірлер

Көрші сілтемелер