Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтоқты сұлудың тігін машинасы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:48 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266417-aqtoqty-suludynh-tigin-mashinasy


Ақтоқты апамыз қазақ қауы­мына жазушы Ға­бит Мү­сі­реповтің 1941 жы­лы жазған «Ақан сері – Ақ­­­тоқты» драмасы ар­қы­­лы таныс. Бірақ... бірақ де­мек­­ші жазушы, компози­тор Ілья Жақанов бір­неше жыл­ бұрын «Қазақ әде­биеті» газетіне «Жал­мұ­қан – Ақтоқты бая­ны» ат­ты жазба жариялап, мына му­зей­де тұрған тігін ма­ши­н­аның иесі Ақтоқты Бақтыбайқызы жай­лы тың мәліметтер беріп­ті. Апа­мыздың келін боп түс­кен жері – Қарауыл ішін­де Жақ­сылық елі екенін айта оты­рып: «Ақтоқты апа­мыз­­дың атастырылып қо­сыл­­ған жары Жалмұқан – атақ­ты Сүтемген байдың бала­сы. Жалмұқан  мен Ақ­тоқт­ыдан – Тоқмұқамбет (Тоқан), Уәлиахмет (Уәли), Әбуса­пия, Мұқамбетқали, Сұл­танахмет және Майра, Қа­нипа ат­ты бес ұл, екі қыз туған. Жал­мұқанның қайырым­ды істері көп. Соның бірі – орыстар Сырымбет өңіріне дендеп кіріп, Ақтоқтының әкесі Бақтыбай байды қоны­сынан ығыстырғанда, Жал­мұқан қайынатасын мал-жаны­мен бірге ырғалтып-жыр­ғалтып өзінің ата қоны­сы Қызылағашқа әкеліп ор­нықтырды. Ақтоқты – нә­зік сезімді, ән мен жырға зер­­делі, он саусағынан өнер там­ған іскер, шаруаға тия­нақ­ты, өте сабырлы, көп­шіл, дас­тарқаны кең әйел бол­­ған» деп жазыпты Илья аға­­мыз. Ал Ғабеңнің драма­сына келер болсақ, оның көр­кемдік қоспасы көп сыңайлы...

Ал мына музейде тұрған жәдігерге келсек, мекеме алғаш құрылған 1993 жылдары музейдің сол тұстағы ғылыми қызметкері Кәрім Ілиясов Зеренді ауданы Қы­зыл­ағаш ауылында тұ­ра­тын Жалмұқанның ұр­пақ­тары­нан апамыздың ті­гін ма­ши­насын қалап алып, осын­да әкелген екен. Ұр­па­қ­тары «әжеміздің көзі» деп бер­гісі келмей біраз қи­нал­ған көрінеді. Ақыры Кә­рім аға алып тынған. Егер бұл жәді­гер ұрпақтарының қо­лын­да тұра бергенде біз оны көр­мес те едік. Осында қо­йыл­ғаны қандай дұрыс болған.

Айтпақшы, бұл машина­ның маркасы –  «Зингер» екен. Анығында, бұны ойлап тапқан адам – Исаак Зин­гер атты өнертапқыш. Музей қорындағы мәліметке қарасақ, өнертапқыш 1870 жылы АҚШ-та тігін маши­насын жасайтын фирма ашып, оның бір саласын 1900 жылы Ресейдің По­дольск қаласына орнатып­ты. Мамандар музейдегі ма­ши­наның сыртқы дизайны мен маркасына қарап ре­сей­лік өнім деген пайым жасапты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359217
Пікірлер

Көрші сілтемелер