Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үкімет кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын әзірлейді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:39 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ukimet-kasipkerlikti-damytu-tuzhyrymdamasyn-azirleydi_a3756404


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет елімізде бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын әзірлейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпкерлер тексерулердің заңдылығын «Qamqor» қосымшасымен анықтай алады Атырауда мейрамхана иелері той өткізуге тағы да рұқсат сұрады Қарапайым заттар экономикасы: Петропавлда 14 жоба іске қосылды

«Инвестицияларды мақсатты түрде тарту шеңберінде жаңа инвестициялық циклді іске қосу үшін қосылған құн тізбегінің әрбір кезеңінде капитал ұстаушылармен тікелей жұмыс жүзеге асырылады. Төлем балансының теңдестірілгенін қолдауға бағытталған алдын-ала сыртқы сауда саясатын жүргізуге қамтамасыз етеді. Үкімет елімізде бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын әзірлейтін болады. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін шұғыл шаралар пакеті шеңберінде Үкімет бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуды көздейтін реттеу саясатын түбегейлі оңайлатуды ұйғарып отыр», - деді Әсет Ерғалиев макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімді таныстыру кезінде.

Оның айтуынша салық-бюджет саясатының басты мақсаты - Ұлттық қор қаражатын пайдалануды қысқарту, мұнайсыз сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен мұнайсыз тапшылықты азайту. Жоспарланған барлық шараны іске асырудың нәтижесі 2023 жылға қарай Nur Otan партиясының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында көзделген индикаторларға қол жеткізетін жетістігі болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359210
Пікірлер

Көрші сілтемелер