Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:21 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/hokkey-barystyn-bugingi-oyynyn-kaydan-koruge-bolady_a3756392


Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 23 ақпанда елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады Хоккей: «Барыс» овертаймда «Авангардты» жеңді Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Ойын астана уақытымен сағат 17.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 16 қазанында Ресейде өткен ойында «Барыс» қарсыласын овертаймда 1:0 есебімен cүріндірді. Одан кейін 23 қазанда елордада ресейлік клуб 3:1 есеппен жеңіп кетсе, 2021 жылдың 12 қаңтарында 4:2 есебімен тағы да басымдық танытты.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында ресейлік клубтың үш мәрте мерейі үстем болды.

Екі команда бұған дейін 40 мәрте шеберлік байқасты. Оның осегізінде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Ак Барстың» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 75 шайба соқса, өз қақпасына 137 гол жіберіп алды.

«Барыс» соңғы 10 кездесудің 4-уінде басымдық танытты. Турнир кестесінде 57 ойыннан кейін 66 ұпаймен 12-орында келеді.

Ал «Ак Барс» соңғы 10 ойында 5 рет жеңілді. Турнир кестесінде 57 ойыннан кейін 87 ұпай жинап, 1-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын елордада «Сибирьге» есе жіберді.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359194
Пікірлер

Көрші сілтемелер