Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО дәрігерлері салмағы 500 грамм шақалақтарды күтіп шығатын болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:54 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-darigerleri-salmagy-500-gramm-shakalaktardy-kutip-shygatyn-bolady_a3756373


ШҚО дәрігерлері салмағы 500 грамм шақалақтарды күтіп шығатын болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының перзентханаларында салмағы 500 грамм шала туған нәрестелерді күтіп шығу мүмкін болады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қоғамдық кеңестің алдында берген есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанның Жасыл белдеуіне 1 миллионнан астам көшет отырғызылды – Шөкеев Халықтың бірлігінің арқасында бұл сынақтан да сүрінбей өтіп жатырмыз - Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына 703 млрд теңге инвестиция тартылды

Жиында өңір басшысы өткен жылы пандемияға қарамастан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы оң қарқынын сақтап қалғанын атап өтті.

«Облыста COVID-19 індетіне қарсы халық денсаулығын сақтау, сырқаттанғандар санының күрт өсуіне жол бермеу, инфекцияның таралуын бәсеңдету бойынша жұмыстарды бірінші орынға қойдық. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аурудың орташа өсуі 0,2% құрайды. Өңірде уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін 41 инфекциялық стационар жұмыс істейді, толық медициналық жабдықталған 6300 төсек-орын ұйымдастырылған», - деп атап өтті ШҚО әкімі Д. Ахметов.

Жалпы, өткен жылы өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға барлығы 37,3 млрд теңге бөлінді. Қосымша 174 ӨЖЖ, 10 рентген-аппараты, үш ЭКМО, үш компьютерлік томограф сатып алынды.

Өңір басшысының айтуынша, биыл медицина қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыру жалғасады. Өткен жылы ядролық медицина, сондай-ақ Алтай мен Аягөз инсульт орталықтарының, Ана мен бала медицина мекемесінің жанындағы оңалту бөлімінің дәрігерлері оқудан өтті. Ауылдық, аудандық ауруханаларда босандырудың күрделі жағдайларында жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін қызмет деңгейін арттыру жоспарланған.

«Ауылдық жерлерде, аудандарда перинаталдық саладағы көрсеткіштердің төмендігі және медициналық мекемелердің жеткіліксіз жабдықталуы өзекті мәселе. Әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында үш ауылдық аурухананың босандыру қызметін I деңгейге, тоғыз ауданда екінші және екі ауданаралық аурухананы I деңгейге ауыстыру жоспарланған. Бұл босандырудың неғұрлым күрделі жағдайларын өткізуге және 1500 грамм салмақпен туған сәбилерді күтуге мүмкіндік береді. Өскемен және Семей қалаларының перзентханалары болса, III деңгейлі жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Осы екі қалада 500 грамдық шала туған сәбилерді күтуге мүмкіндік туады», - деді Д. Ахметов.

Сондай-ақ, Балалар мен ересектерге арналған Гематология орталығында медициналық туризмді дамытуға негіз болатын, ядролық медицина мен роботтандырылған хирургияны бірыңғай жүйеге біріктіретін қуатты медициналық кластер құрылады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359178
Пікірлер

Көрші сілтемелер