Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодар облысында қоғамдық тамақтану орындарының 70%-і жабылып қалған - Қазақстан және әлемдегі соң



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457120-pavlodar-oblysynda-o-amdy-tama-tanu-oryndaryny-70-i-zhabylyp-al-an



Павлодар облысында қоғамдық тамақтану орындарының 70%-і жабылып қалған


Павлодар облысында қоғамдық тамақтану орындарының біразы жабылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу шаралары кезінде мейрамхана мен дәмханалардың кәсібі жүрмеді. Сол күйі тұралап қалғаны қанша?! Миллиондап шығынға батқан кәсіпкерлер аймақтың бас санитарлық дәрігеріне арнап үндеу жариялады.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Жас кәсіпкер Болат Майрашов мейрамхананы ашуға 50 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Қажетті құжаттарын рәсімдеп, рұқсат алғанымен, кәсібін бастай алмады. Карантин кезіне тап келді. Оған қоса, өзге де қаржылық мәселелері туындады.

Болат Майрашов, кәсіпкер:

- Қаржылық айналымға қосымша ақша керек. Себебі, мейрамханамызда ашылуға барлығы дайын. Тек азық-түлік пен барға қажет өнімдерді сатып алуымыз керек. Ендігі жоспарымыз инвестор табу. Қазіргі уақытта нысанды ашуға алған несие бойынша берешек болып қалдым.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Ал бұл мейрамхана бір ай бұрын ашылды. Қазіргі уақытта тәп-тәуір жұмыс істеп жатыр. Десе де, шектеу шаралары біраз ыңғайсыздық тудырған. Мәселен, 300 орындық залға 30 адам ғана кіреді. Сонымен қатар облыс «қызыл» аймаққа енгелі тексеруден көз ашпаған.

Шыңғыс Дарбаев, мейрамхана директоры:

- Мониторингтік топтар, учаскелік инспекторлар, полиция қызметкерлері жиі келеді. Ескертулер айтады. Бас-аяғы бес рет тексеру болды. Олардың айтуынша, біздің мейрамханамызға шағымдар түскен. Дегенмен, біз бірде-бір санитарлық ережені бұзған жоқпыз.

Павлодар облысы «қызыл» аймақта ұзақ уақыт болды. Шектеу шараларынан қоғамдық тамақтану орындары көп шығынға ұшырады. шекті. Қоғамдық тамақтану қауымдастығының мәліметінше, облыста карантинге дейін 490 нысан жұмыс істесе, олардың 70%-і жабылып қалған.

Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі:

- Алдағы уақытта мейрамханаларға 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріліп, демалыс күндері шектеу болмаса, жағдай түзеледі. Егер шектеу қойылса, онда ондаған кәсіпкерлік нысаны жабылып қалуы әбден мүмкін. Мәселен, соңғы бір жылда облыста 40 объекті бір жыл бойы іске қосыла алмады.

Дәурен Усаханов, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы:

- Қоғамдық тамақтану орындары 88 күн бойы тұралап қалды. Тек жеткізу режимі бойынша жұмыс істеді. Ал бұқаралық шараларға арналған банкет залдары 244 күн бойы тоқтап тұрды. Кәсіпкерлер шектеу шараларын жеңілдетуді сұрады. Яғни, жұмыс күнін түнгі 12:00-ге ұзартуды сұрауда. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге тырысамыз.

Карантин кезінде санитарлық ережелерді елемегендер де болды. Мәселен, жыл басынан бері мониторингтік топтар 16 мыңға жуық шағын және орта бизнес нысанын тексерген. Нәтижесінде 102 бизнес объектісіне айыппұл салынды.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359176
Пікірлер

Көрші сілтемелер