Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары жергілікті тауарларды сатып алуды ұлғайтады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:21 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karagandy-oblysynyn-iri-kasiporyndary-zhergilikti-tauarlardy-satyp-aludy-ulgaytady_a3756350


Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары жергілікті тауарларды сатып алуды ұлғайтады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтуды ұлғайту басым мәселе болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің, өнеркәсіпшілер мен «Қазақмыс» корпорациясы басшылығының қатысуымен өткен онлайн-кеңесте 2020 жылғы жергілікті қамтуды дамыту нәтижелері мен осы жылға арналған жоспарлар, сондай-ақ тауар өндірушілердің проблемалық мәселелері талқыланды.

«2020 жылдың қорытындысына сай тауарлар бойынша сатып алудың жалпы сомасы 121,9 млрд теңгені, қазақстандық қамту - 56,7 млрд теңгені немесе 46,5%-ды құрады. Оның ішінде қарағандылық өндірушілерден 12,3 млрд теңгеге шикізат емес тауарлар сатып алынды. 2021 жылға арналған жоспарларға келетін болсақ, «Қазақмыс« корпорациясымен бірлесіп Меморандум жобасына енгізу үшін тауар өндірушілердің тізімі әзірленді. Жақын арада оған қол қою жоспарлануда», - деп хабарлады өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Андрей Уманцев.

«Қазақмыс» корпорациясы 2021 жылы шикізаттық емес тауарлар бойынша жергілікті қамту үлесін 20 млрд теңге деңгейінде қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4 млрд теңгеге артық,

Сатып алулардағы жергілікті мазмұнның артуына қарамастан, импорт үлесі айтарлықтай үлкен болып қалуда. Мәселен, өткен жылы өнеркәсіп алыбы негізінен Қазақстанда өндірілмейтін техника мен жабдықтарды импорттады.

Бірақ, кеңесте атап өтілгендей, облыста өнімнің белгілі бір түрлері бойынша импортты алмастыруға мүмкіндік бар. Мысалы, компанияға жарықдиодты шамдарды қарағандылық өндірушілермен тығыз ынтымақтастық орнату және оларды сырттан сатып алмау ұсынылды. Сондай-ақ дәнекерлеу электродтарын импорттау емес, оларды Қарағанды зауытында сатып алуға кеңес берілді.

Жалпы корпорацияда Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің әлеуетін барынша пайдалану ұсынылды.

«Сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бірақ сонымен бірге ынтымақтастық үшін резервтер бар, оларды біз іске асыруымыз керек. Жергілікті тауар өндірушілерді тарту үшін сатып алулардың барынша ашықтығын қамтамасыз ету қажет», - деп тапсырды Жеңіс Қасымбек.

Өнеркәсіп алыптарының сатып алуда жергілікті қамтуды дамытуы жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359168
Пікірлер

Көрші сілтемелер