Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бүгін - Халықаралық ана тілі күні: 2,5 мыңға жуық тіл жоғалу алдында тұр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 06:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/news/madeniet/bugin-halyqaralyq-ana-tili-kuni-25-mynga-juyq-til-jogalu-aldynda-tur-14851/


Бүгін - Халықаралық ана тілі күні: 2,5 мыңға жуық тіл жоғалу алдында тұр

Бұл жайында islam.kz порталы ЮНЕСКО жанындағы Түркияның ұлттық комиссиясының (UTMK)  жетекшісі,  профессор Өжал Оғызға жөн сілтеген anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгін, яғни, ақпан айының 21-і күні Халықаралық ана тілі күні аталып өтті. Бұл атаулы күн 2000 жылдан бері жыл сайын аталып өтеді. Түрік профессоры осы орайда бүгінде әлем бойынша шамамен 7 мың тіл қолданыста екенін айта келе олардың екі жарымға жуығы жойылу алдында тұрғанын жеткізді. Өйткені, жойылу алдында тұрған тілдерді тек санаулы адамдар ғана қолданады. Қолда бар статистикалық мәліметке қарағанда, әр 15 күн сайын бір тіл жоғалады. Тілдердің жойылу қатерін соңғы он жыл ішінде әлемде болып атқан әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістер арттырып келеді. 1950-ші жылдан бері әлемде 250-ден аса тіл жоғалған. Негізінен 10 мыңнан аспайтын адамдар ғана сөйлейтін тіл жоғалу қатері жоғары тілдерге жатқызылады. Соның ішінде, Ресей боданында отырған халық саны аз түркі тілдері де жоғалу қатері жоғары.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1359165
Пікірлер

Көрші сілтемелер