Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте «СПУТНИК V» вакцинасын салудың екінші кезеңі басталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 05:40 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/shymkentte-sputnik-v-vaktsinasyn-saludyn-ekinshi-kezeni-bastaldy


Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды.

Вакцинация шаһардағы төрт екпе бекетінде жүргізілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды.

«1-19 ақпан күндері аралығында «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасын салуды аяқтадық. Күні кеше бізге тағы 1000 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең төрт емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін екпе алғандар екінші дозасын алуы қажет. Бүгін мен өзім екінші дозасын алдым. Қазір жағдайым жақсы», - дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қалаға жеткізілген «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын коронавирус инфекциясымен қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері алуда. Мұнан кейін жоспар бойынша өз еркімен келісім берген мұғалімдер мен полицейлерге салынбақ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359156
Пікірлер

Көрші сілтемелер