Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кәмелетке толмаған қызға АИТВ жұқтырған ақтөбелік сотталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 05:10 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kameletke-tolmagan-kyzga-aitv-zhuktyrgan-aktobelik-sottaldy


Кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оған АИТВ жұқтырған ақтөбелік сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты. Іс материалына сүйенсек, сотталушы 2018-2020 жылдар аралығында 2003 жылы туған қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Сотталушы өзінің АИТВ жұқпасына шалдыққанын біле тұра дертті қасақана жұқтырғаны сот отырысы кезінде дәлелденді. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот-медициналық сараптама кезінде тағылған айып дәлелденді. 

«Сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 118-бабы 3-тармағы, 122-бабы 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот сотталушының өз кінәсін мойындағанын ескерді. Сот үкімімен Б. айыпты деп танылып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359149
Пікірлер

Көрші сілтемелер