Елордада жаңа амфитеатр пайда болады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен Instagram парақшасында мәлім етті.
Қала тұрғындарының өтініші бойынша Президенттік саябақта ашылатын жаңа амфитеатрда ашық аспан астында би қойылымдарын, спектакльдерді, концерттерді және түрлі қалалық іс-шараларды өткізуге арналған алаң болады. Амфитеатрда кәсіби өнер ұжымдарымен қатар әуесқой өнерпаздар да өз шараларын өткізуге мүмкіндік алатын болады.