Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қан тапсыру – қайырымды іс – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 04:15 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/qan-tapsyru-qajyrymdy-is/


Қан тапсыру – қайырымды іс – Астана Ақшамы

«30 игі іс» аясында елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері «Қан тапсыр – өмірді құтқар» акциясы аясында қан тапсырды. Қайырымдылық акциясына этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар Ассамблеяның қоғамдық және салалық ұйым өкілдері қатысуда.

«Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының бірінші орынбасары Равиль Валиевтің айтуынша, бұл акция «30 игі іс» бекітілген бағдарламасы аясында алғаш рет өтуде. «Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде жүйелі түрде қан тапсырамыз. Биыл бізде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс аясында біз Тәуел­сіздігіміздің 30 жылдығына «30 игі іс» бағдарламасын бекіттік. Ал бүгінгі акция «30 игі іс» бағдарламасы аясында алғаш рет өтіп тұр» деді ол.
Сонымен қатар ол әр жарты жыл сайын өтіп тұратын «Қан тапсыр – өмірді құтқар» акциясы аясында ҚХА мүшелерінің жүйелі түрде қан тапсырып тұратынын атап өтті. «Қан тапсыру тек қоғамға ғана емес, сонымен қатар ағзаға да пайдалы. Мен осымен үшінші рет қан тапсырып тұрмын. Жарты жыл сайын осы акцияны өткізіп тұрамыз. Ең алдымен біз тест тапсырып, одан кейін қан тобын тестілеуге барамыз. Ал әр акция кезінде 50-70 адам қан тапсырады» деді Равиль Валиев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1359138
Пікірлер

Көрші сілтемелер