Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жыр дүлдүлін ұлықтады – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 03:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/zhyr-duldulin-ulyqtady/


Жыр дүлдүлін ұлықтады – Астана Ақшамы

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей­тойы аясында №4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі ­Жамбыл оқулары өтті.

Қалалық деңгейде өткен Жамбыл оқуларына 62 мектептен 120 оқушы қатысты.
«Тыңда, дала, Жамбылды» атты ақын дастандарын жатқа оқу номинациясы бойынша І орынды №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Ерасыл Теміршотов пен №87 мектеп-гимназиясының оқушысы Нишонгүл Сексенбаева иеленді. Жас ақындар арасындағы «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» аталымында бас жүлде №87 мектеп-гимназиясының оқушысы Айғаным Махсұтқановаға бұйырды. Ал І орынды №86 мектеп-гимназиясының оқушысы Асылжан Әртелбек қанжығалады. «Жыр алыбы – Жамбыл» деп аталатын ақынның еңбектері туралы эссе жазу номинациясында І орынды №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №67 гимназия, №40 мектеп-лицейі мен №58 мектеп-гимназиясы теңдей бөлісті.
Жыр алыбының жастарды рухани қасиет­терге тәрбиелейтін құнды қазыналарын таныту жолындағы шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Көктем ҚАРҚЫН

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1359132
Пікірлер

Көрші сілтемелер