Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да пән олимпиадасының үшінші кезеңіне 500-ден астам оқушы қатыспақ



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:27 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-pan-olimpiadasynyn-ushinshi-kezenine-500-den-astam-okushy-katyspak_a3756138


СҚО-да пән олимпиадасының үшінші кезеңіне 500-ден астам оқушы қатыспақ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды. Оған өңірдің 528 оқушысы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
YouTube-тегі сабақ: Маңғыстаулық мұғалім 150-ге жуық видео дайындады Рахман Алшанов: Қазіргі заманда біліксіздігіңді бір беттік диплом жасыра алмайды Екі қалада Назарбаев Университеті үлгісінде оқу орындары құрылмақ

Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттыруды мақсат еткен. Дәстүрлі іс-шараның бұған дейін аудандық, қалалық кезеңдері өтіп, жеңімпаздар үшінші кезеңге жолдама алды.

«Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі дәстүрлі форматта өтеді. Әр ауданда және қала бойынша тірек мектептер бекітілді. Петропавлда «БЭСТ» мектеп-гимназиясында, 1 қалалық It-лицейде, ЛОРД лицейінде және Әбу Досмұханбетов атындағы гимназияда өтеді. Көп адамды бір уақытта жинамас үшін іс-шара 22-26 ақпан аралығында өтеді», - дейді СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

Бұл жолы 9-11 кластардың 528 оқушысы 16 жалпы білімдік пәндер бойынша сынға түседі.

«Биыл алғаш рет өзін өзі тану пәнінен де олимпиада өткізіліп жатыр. Тағы бір ерекшелігі – балалар тапсырманы өздері «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтан компьютер және интернет арқылы жүктеп алады. Олимпиада таза өтуі үшін бақылау жүргізіледі және қазылар жұмысты қашықтан тексереді. Сол үшін арнайы штаб құрылған. Олимпиада нәтижесін «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының» сайтынан көруге болады. Аппеляция келесі күні ZOOM арқылы онлайн форматта жүргізіледі», - дейді Гүлмира Кәрімова.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359127
Пікірлер

Көрші сілтемелер