Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өскеменде үй алмақ болған зейнеткер алаяққа 1 млн теңге берген



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:51 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/oskemende-uy-almak-bolgan-zeynetker-alayakka-1-mln-tenge-bergen_a3756332


Өскеменде үй алмақ болған зейнеткер алаяққа 1 млн теңге берген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында зейнеткерді алдап соққан 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды БҚО тұрғыны жер алып беремін деген алаяққа 2 млн теңгесін ұстатып жіберген Екіжақты домбыра жасайтын шебер: Есебің дәл шығу үшін ептілік керек

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзін электрик ретінде таныстырған алаяқ 84 жастағы зейнеткердің пәтеріне келген. Үш күн бойы ол электр қуатын тексергендей кейіп танытып, қарт кісінің сеніміне кірді.

«Осыдан кейін ер адам кейуанаға қиын жағдайға тап болғанын және пәтерін 2 миллион теңгеге сатып жатқанын айтқан. Алдын ала жалға алған үйді көрсетіп, сатып алуға ұсыныс жасады. Бұған сенген зейнеткер пәтерді алатындығын жеткізгенде алаяқ одан алғашқы төлем ретінде 1 млн теңге беруін сұраған. Қарт кісі еш ойланбастан банктен несие алып ақшаны алаяқтың қолына ұстатады», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері «Сергек» бейнебақылау жүйесінің көмегімен ер адамды қолға түсірді. Тергеу барысында ол кінәсін мойындады. Бірақ күдіктінің қалтасынан тек 120 мың теңге табылды. Оның айтуынша, бір күн бұрын 250 000 теңгеге «ВАЗ» көлігін сатып алып, қалған ақшаны жұмсап жіберген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359118
Пікірлер

Көрші сілтемелер