Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-1810426221 %79 %

Асылбек Ізбайыров: Қазақты Ислам негіздерінен айыруға барынша әрекеттер жасалып жатыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Kazakhstan TV

Жолданған уақыты: 09:29 - 2013/05/10


Асылбек Ізбайыров: Қазақты Ислам негіздерінен айыруға барынша әрекеттер жасалып жатыр

 

«Zakon.kz» сайтында тарих ғылымдарының докторы, «геосаясат» зерттеу орталығының директоры, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Асылбек Ізбайыров мырзаның«Такфиризм – главное зло, которое исходит от религиозных радикалов в Казахстане» деген тақырыппен сұхбаты жарық көрген болатын.

Өз кезегінде осы тақырып аталмыш сайтта оқырмандар арасында қызу талқыға түсіп, еліміздегі басқа да сайттар мен порталдар өздеріне көшіріп басты.

Біз осы тақырыптың барлығымыз үшін әлі де болса өзекті екенін ескере отырып, Асылбек мырзаны интернет-конференцияға шақырған едік.

Сауалдар аптаның жұма күніне дейін қабылданады.

Маңызды деп таныған сұрақтарға кеңінен тоқталып өтеміз деген ниеттеміз. Сонымен тақырып: «Такфиризм – Қазақстандағы діни радикалдардан шығатын басты жамандық». Олай болса, бастадық…

Біз барлық сұрақтарды сараптап, ең маңызды дегендерін жинақтап, жауап беруші тарапқа ұсындық. Сонымен…

 

1-сұрақ: - Елімізден түбегейлі аластата алатын заң күші жоқ па? Бұл секталар елімізге, әр шаңыраққа кесірін тигізуде, осы жәйттарды біле тұра неге арнайы заң шығарып, тиым салмайды?

Асылбек Ізбайыров: Қазақстанның діни кеңістігі діни идентификация (әртүрлі діни топтарға бөліну) мен ықпал ету үшін күрес негізінде көпбағытты шиеленіс алаңына айналды мысалы, салафизмен сопылықтың, радикалды топтармен дәстүрлі жолды ұстанушылардың, хабашимен салафизмнің, т.б. текетірестері.

Аталған жағдай қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуына:

-      Рухани қауіпсіздік;

-      Этномәдени бірегейлену мен өзін өзі тану үрдісі;

-      Дәстүрлі діни институттардан гөрі дәстүрлі емес діни құрылымдардың басымдық рөліне таласы;

-      Конфессияаралық және конфессияшілік шиеленіс алды деңгейіндегі қарама-қайшылықтар (мысалы, суфизм мен салафизм ұстанымындағылардың өзара шиеленісі);

-      Діни экстремизм және терроризм мәселелерінің өзектілігінің артуы тәрізді бірнеше негізгі аспектілер бойынша қауіп туғызады.

Қазір Қазақстанның діни кеңістігі діни топтардың медиа-ресурстарды кеңінен қолданатын ақпараттық-діни қарама-қайшылық кезеңі (шиеленіс алды жағдай) мен діни түсінікпен өзін өзі жару фактілерімен сипатталатын өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.

Діни істердегі мемлекеттің стратегиялық мақсаты – елдің зайырлылық келбетін сақтау мен қазақстандық қоғамдағы діни процестердің саясилануына жол бермеу.

Діни экстремизм және халықаралық лаңкестікпен күресте тек қана салдармен жұмыс істеуге болмайды. Керісінше осы радикалды діни құрылымдардың белсенділігін арттыратын ішкі факторлармен күресу қажет.

Жергілікті этностың дүниетанымындағы ұлттық рухани мәдениетті үнемі назарда ұстап, насихаттау діни экстремизмнен сақтану үшін қажетті басты доктрина болып табылмақ.

Ол үшін діндар мұсылмандардың санасына төмендегідей жүйеқұраушы және бағдарлаушы түсініктер мен нұсқауларды сіңіру керек:

- қазақтардың рухни мәдениеті, салт-дәстүрі исламның негізгі көзқарастарына (Пайғамбардың сүннетіне) қайшы емес екенемес екенң жеткізу керек, бұл тәкфіршілдіктің азайтады; қазақтардың, арыдан алсақ түркі тектес мұсылмандардың интеллектуалды және рухани мұралары кең насихатталуы керек;

- қазақтардың ұлтты рухани мұрасы өзінше бір құбылыс;

- іріткі тудыратын факторға айналған ахиданы талқылау мәселесінен арылу үшін ханафиттік ілімді толық мойындауды жүзеге асыратын идеологиялық жұмыстарды біртінде жүзеге асыру;

- ҚМДБ-ын Қазақстанның барлық мұсылмандарының көзқарасын қорғайтын бірегей ұйым ретіндегі ролін күшейті, мұсылмандар арасында интегративтік функцияларын артыру қажет.

- Діни білім беру саласындағы теріс факторларды жою үшін, өз діни білім беру жүйемізді, отандық діни ғалымдар тобын дайындауды қамтамасыз ету қажет. Әбу Ханифа ілімі негізінде діни білім берудің толыққанды, көп сатылы жүйесін қалыптастыру керек.

Нәтижесінде мықты этномәдени түсініктер дәстүрлі емес және радикалды діни құрылымдардың жолын кесетін болады.

2-сұрақ: - Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен имам Әбу Ханифа масхабының үйлесімі жайлы айтып өтсеңіз. Және радикалды топтарға осы мәселеде қалай тойтарыс беруге болады?

Асылбек Ізбайыров: Қазіргі кезде қазақтардың ұғымында этникалық сана-сезім мен мемлекетке адалдық ұғымы тікелей байланыста. Қазақстан мемлекеті осы орайда «зайырлы республикадан» гөрі «қазақтардың тәуелсіз мемлекеті» ретінде басымдыққа ие. Дәл осы тұрғыда оның әлдебір тұрақты құндылығы бар. Мұндай анықтама ең бірінші шетте жүрген этникалық қазақтар үшін құнды екені түсінікті. Бірақ біз сарапшылардың мемлекетқұраушы қазақ этносының ішінде жүріп жатқан процестер соңында шешуші маңызға ие болады деген байламымен толық келісеміз.

Дәл осы жүйелеу бүгінде діни процестерде шешуші маңызға ие. Радикалды исламшыл топтар өздерінің конситуцияға қайшы ұрандарымен негізінен мемлекеттік институттарға залалын тигізуде десек қателесеміз. Осы дәстүрлі емес және радикалды ұйымдардың идеологиясына жүргізілген сараптама олардың ең әуелі негізгі этносқа, яғни қазақ ұлтына қауіпті екенін көрсетеді.

Мәселен, тәкфіршілердің басты және бағыттаушы ұстанымы «намаз оқымайтын қазақ – кәпір» болып келеді. Салафит-догматиктер (мадхалиттер) болса «қазақтың барлық дәстүрі мен салттары жәһилдік болып табылады» дейді, сондықтан оны исламдағы бидғат (жаңалық) деп санайды.

Бүгінде жүйелі түрде ислам мен ұлттық негіздерді бір біріне қарама-қарсы қою арқылы мемлекетқұраушы қазақ ұлты мен оның діни танымының өзара сәйкестігі бұзылып жатыр.

Басқаша айтар болсақ, қазақтарды ислам негіздерінен айыруға барынша әрекеттер жасалуда. Дәстүрлі емес және радикалды діни топтардан тарайтын басты қауіп – бұл  этносқа және оның рухани мәдениетіне геосаяси және геомәдени субъект ретінде идеологиялық шабуыл жасауы. Нәтижесінде қазақстандық діни кеңістікті жатмәдени күштер толтыруға тырысып, жергілікті ұлттың дәстүрлі исламындағы толыққанды құндылықтарын жалған дүниелермен алмастыруда.

Осының салдарынаң бүгінгі жас ұрпақ – қайта құру мен жаңадан қалыптасу кезеңінде адасып қалып дәстүрлі құндылықтардың барлығына қарсы көзқараста өскен, тәрбиеленген. Олардың кейбірі дәстүрлі бағыттан тайып қана қоймай дін атын жамылып жаңадан пайда болған алаяқтардың құрығына ілініп кетті. Олар тәкфіршілер, мадхалиттер, хабашиттер және т.б. секілді демагогтардың сөзіне еріп ескіні сынап, бұлар ұсынған идеологияны ақиқат деп қабылдады. Белгілі антрополог К.Лоренц дәстүрден бас тарту, тіпті ол бас тарту ақтап алуға тұратын күннің өзінде, сананың тұрақтылығына кері әсер етеді деп санайды.

Діни экстремизмнің алдын алатын тиімді тағы әдістердің бірі – Әбу Ханифа іліміне негізделген баспа өнімдері және ақпараттық қызмет саясатын қалыптастыру. Үлгі ретінде Ресей, Түркия, Малайзия және басқа елдердің тәжірибесіне жүгінуге болады. Мәселен, Ресейде ресми түрде бір ғана медиахолдинг «Медина» баспа үйі қолдауға ие.

Осы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, Әбу Ханифа ілімін негізге ала отырып, діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарының медиа-жоспарын түзуге ұсыныстар берілуі керек.

ҚМДБ-ның діни-идеологиялық бағытын айқындау үшін маңызды шаралардың бірі –дінге сенушілердің ортасында Әбу Ханифа мәзһабының беделін арттыру болып табылады. Беделін арттыру дегеніміз, ең алдымен, оның Қазақстан тарихындағы, атап айтқанда, рухани тіректердің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи маңызын арттыру.

Ол үшін Қазақстан мұсылмандары үшін үш жағдайды негіздеу керек:

а) Қазақстан тарихындағы Исламның, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрінің дамуына себеп болған Әбу Ханифа жолын ұстанған танымал ғалым-тұлғалар;

ә) Исламның негізгі қағидалары мен ережелеріне қайшы келмейтін олардың діни көзқарасы Қазақстан үшін дәстүрлі болып табылады;

б) ҚР Білім және ғылым министрлігі, Шығыстану институтының еңбектері (С. Ғылмани, Ж. Көпеев, Құрбан Әлі Халиди шығармаларының басылымдары) көмегімен Қазақстан аумағының өз уақытында (ХІІ-XIV ғ.ғ.) Ханафи мәзһабының негізгі орталықтарының бірі болғанын негіздеуге болады.

Аталған бастамалар қазақтардың тарихи рухани мұрасына кейбір мұсылмандардың салғырт қарау фактілерін идеологиялық негізде жоюға және қазақстандық патриотизм сезімін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қазақстан тарихында «алтын ғасыр» болып табылатын ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы ханафиттік діни қайраткерлердің қолжазба еңбектерін анықтау мен жариялау бойынша ғылыми зерттеулер бағдарламасы мен зерттеулер сериясын ұйымдастыру қажет. Табылған қолжазбаларды «Қазақстанның рухани мұралары» атты қазақстандық кітап сериясымен басып шығарып, діни білім беру процесін әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге болады.

3-сұрақ. Байсалды салафизм деген түсінікті ғылыми негіздеп, салафизмді ақтауыңызға не себеп болды?

 

 4-сұрақ. Өзіңіз намаз оқисыз ба?

Асылбек Ізбайыров: Бұл жеке басымның мәселесі.

5-сұрақ: Шекараның ар жағында отырып қандай да бір мемлекетке пәтуа беру қаншалықты дұрыс?

6-сұрақ. - Ата анасының пісірген тамағын жемейтін жігіттер бар. Олардікі дұрыс па?

Асылбек Ізбайыров: Ол жігіттердің істері дұрыс емес. Шамамен такпір ағымының жетегінде кеткен жастар. Қалай болса да дәстүрлі дінімізге қарама-қайшы істерден.

6-сұрақ: Такфиршілер, жихадшылар және мадхализм ағымдары туралы не айтасыз?

 

9-сұрақ: Талғат Мамырайымов Матрудия ақидасы жайлы айтқан пікіріне не дейсіз?

7-сұрақ.  Хабашизм және ихуануль-муслимин ұйымдары жайлы не айтасыз?

Біз бүгінде радикалды діни құрылымдардың жоспарлы түрде жүргізілетін және көздеген мақсаттары бар саясатынан идеологиялық тұрғыда жеңіліп жатырмыз. Оған басты себеп түрлі мұсылман топтардың өзара тартысуы; белгілі діни топтардың өз көзқарастарын бәріне таңуы, соның ішінде мемлекетке де міндетсінуі; кейде мемлекеттік шенеуніктердің «өзім аман болсам болды, исламды бәрі бір түсінбеймін» деп салғырттық қасалынуы; руханият саласында «бөліп ал да билейбер» әдісінің іске асырылып жатқаны.

Осы жағдайды жақсы ескерген әр-түрлі топптар Казахстан жерінде кенінен тарап жатыр.

Хабашизм деген ағым Ливан жерінде пайда болған, іргесін қалаушы Абдуллах аль-Харари аль-Хабаши (аль-Абдари) дегеен адам. Хабашизм екі сопылық ағымнын жыинтығы болып табылады, олар сопылық «ат-Тиджания» және «ар-Рифаия» тариқаттары. Хабашизм ерекшеліктері: салафилік жолды басты қарсыласы ретінде тануы, сахабаларға тіл тигізуы олар Айша анамыз, Муавийа, шиизм элементтерін басым болуы, т.б.  Саясатын іске асыру мақсатында өздерін дәстүрлі ағым реттінде көрсетуі, қоғамда фитна мәселерін көтеруі.

Қазақстандағы хабашизм туралы көптеген мақалалар жазылған:  үш бөліктен тұратын «Война акида в Казахстане», «Хабашиты проникли во власть»  атты «Мегаполис» газетінде,  «Хабашиты из агентства «святых дел» требуют реванша», «Алтын орда» сайтындағы т.б. мақалары. Бұл тақырып осы мақалаларды кеңінен ашылған

Қазір Қазақстанды қарайтын болсақ, радикалды ағымдарымыз біріншіден «ат-Такфир уал-Хижраның», сосын «жиһадышлардын» түптамыры «Ихуанул-муслиминге» әкеп тіреледі. Бұл ағымдар, оның ішінде «Хизбут-Тахрир» ағымы да бар. 1952 жылы «Ихуанул-муслимнен» бөлініп шығады.

Атақты француз ғалымы Ж. Кеппель осы «Мұсылман-бауырлары (Ихуанул-муслимин) қазіргі кезеңдегі ислами экстремизмнің матрицасы» деді. Бұл пікірмен келісуге болады.

Бірақ негізгі ихуандар саяси оппозиция жолын тандап қазіргі уақытта Мысырда билікке жетті. Олар аль-Кардауи ұстаздары бастап Мысырдағы болған текетірісте негізгі рөлді атқарды.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=20&id=135834
Пікірлер

Жолдаушы №: 6076 - Уақыты: 2018/12/04 - 11:40

Бұл кісіні таяуда сәқәлділәрмен асханада тамақ ішіп отырған жерден көрдім. Бір мәселені қол сермеп талқылап жатты. Өзі бір күмәнді адам

Көрші сілтемелер