Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шығыс Қазақстандағы ХҚО-лардың бірі жаңа ғимаратқа көшті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:27 - 2021/01/27

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shygys-kazakstandagy-hko-lardyn-biri-zhana-gimaratka-koshti_a3745688


Шығыс Қазақстандағы ХҚО-лардың бірі жаңа ғимаратқа көшті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы ХҚО жаңа ғимаратқа көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданының тұрғындары құжаттарды рәсімдеп, барлық қажетті анықтамаларды жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады. Ол Игембаева көшесі, 65 мекенжайы бойынша орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған.

«Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы ғимараты тым тар болғандықтан жаңаға ауыстырдық. Халыққа ыңғайлы болу үшін жаңа ғимарат Үржар ауылының орталығында тұр.Сондай-ақ бұл ХҚО-да мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар үшін де барлық жағдай жасалынған», - деді ол.

Сонымен қатар жаңа ХҚО-да құжаттарды қабылдайтын жұмыс терезелерінің саны артты.

Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлық ХҚО-лар штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма арылығында түскі үзіліссіз 9.00-ден 18.00-ге дейін. Ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1342512
Пікірлер

Көрші сілтемелер