Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Эмомали Рахмон: Тәжікстанда коронавирус жоқ



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:40 - 2021/01/27

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/emomali-rakhmon-tazhikstanda-koronavirus-zhok1


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 26 қаңтар күнгі парламентке жолдауында мемлекет коронавирусты жеңе алды, елде вирус жоқ деп мәлімдеді. Дегенмен көптеген тәуелсіз сарапшылар ресми биліктің коронавирус туралы мәліметіне күмәнмен қарайды.

Рахмон сейсенбі күні парламентке жолдауында 1 қаңтардан бері елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмегенін атап өткен. Алайда бұл "тұрғындар санитария-гигиена ережелерін сақтамаса болады" дегенді білдірмейді деп ескерткен. Ол шетелден келгендерді карантинге жіберу қажеттігін айтқан.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, елде 10 қаңтардан бері ресми түрде коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус індеті кезінде елде 13 308 адамға коронавирус жұққан, 90 адам қайтыс болған.

Алайда сарапшылар ресми статистикаға күмәнмен қарайды. Олар елде коронавирус жұқтырғандар саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп деп санайды.

Тәжікстанда алғаш рет коронавирус былтыр 30 сәуірде анықталған. 2 мамырда бірінші адам өлімі тіркелді. Бұдан соң елде бірқатар шектеу шаралары күшіне енген. Азаттықтың Тәжік қызметі Орталық Азияда вирус күшейіп тұрған шақта биліктің қоғамдық көлік пен базарларда санитарлық талаптардың жиі сақталмайтынына назар аудармайтынын жазады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1342508
Пікірлер

Көрші сілтемелер