Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Петропавлда тұрғын үйде болған өрттен 4 адам құтқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:33 - 2021/01/27

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/petropavlda-turgyn-uyde-bolgan-ortten-4-adam-kutkaryldy_a3745682


Петропавлда тұрғын үйде болған өрттен 4 адам құтқарылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда үш қабатты баспана өртеніп, 16 адамды эвакуациялауға және 4-ін құтқаруға тура келді. Оның ішінде балалар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында өртенген үйдің үшінші қабатынан әйел адам секіріп кетті Қызылордада тұрғын үй өртенді Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 01.16 минут кеткенде 101 нөміріне Петропавлдағы Ружейников көшесі, 97 мекенжайында өрт шыққандығы жөнінде хабар түседі. Үш қабатты, екі кіреберісті, шлак блоктан салынған тұрғын үйдің екінші кіреберісінде қою түтін шыққан. Сондай-ақ бірінші қабаттағы қосалқы үй-жайдың кіреберіс есігі жанып, тұрғындар өздігінен далаға шыға алмай қалған.

Оқиға орнына кезекші қарауыл 8 минутта жетті. Бірден эвакуациялық іс-шаралар басталып, газтүтіннен қорғау қызметі мамандары 16 адамды, соның ішінде 4 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Тағы төрт адам құтқару капюшондарының көмегімен өрт орнынан шығарылды. Құтқарылғандардың бірі - 2005 жылы туған бала. Иіс тиіп уланған баланы құтқарушылар үйден көтеріп шығарды.

Мамандардың айтуынша, өрт шамамен сағат 2.00-де толық сөндірілді. Өрт салдарынан 3 шаршы метр аумақта қабырға мен есік бүлінген.

Қаза болғандар жоқ. Иіс тиген бала ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1342507
Пікірлер

Көрші сілтемелер