Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Түркімін» деуге арланбауымыз керек!



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 02:00 - 2021/01/26

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/127645



Маған жекеге ағайындар жазып жатыр екен,

"Олжеке, сіз Түркі әлемі туралы, соңғы кезде жиі көтеріліп жатқан Тұран тақырыбы туралы жақсы жазатын едіңіз, соңғы кезде ұсақ - түйекті шұқылап, түк жазбай кеттіңіз" депті.

Тұран туралы кейін бірде жазармын, ал Түркия тарихы жөнінде бірер сөз жазуға болады...

Жалпы, мен білетін Анадолы түріктері заты қасқыр халық.

Олар бізден, яғни атажұрт Түркістаннан бір кезде арып - ашып кетіп сонау жерден үш құрлыққа әмірін жүргізген (Азия, Африка, Еуропада) алып империя құрып, түркішілдігін сақтап, түрік атауын сақтап, орайы түскенде түркі әлеміне қорған бола білді де.

Олардың ана түркішіл зиялыларының еңбектерін қарап отырсаңыз, "Түркістан атамекенім", "жаным Түркістан, қаным түрігім" деген бір зар сезіледі.

Біздің бүгін мекен етіп отырған ортамыз - олар үшін алыс бір сағымға, идеалға айналғандай...

Біздің Мағжан "Түркістан ер Түріктің бесігі ғой" деп сілтегенде оның отты өлеңдері төбе құйқаңды шымырлатып жүрегіңді зырқ еткізеді емес пе. Олардың да Киелі Түркістан өңіріне сезімі тап сондай.

Түркияда әр түрік отбасы өздерінің бір кезде Орта Азиядан ауып атажұрттан ажырап қалғандығын жақсы біледі. Орта Азия, Орта Азия дейт те отырады..

Жалпы тарихта, түріктерге Жерорта мен Қаратеңіз маңын мекендеген халықтардың арасына барып, оларды бағындырып мемлекет құру оңай болған жоқ.

Ол жерде арабы да бар, әрмені де бар, күрдтері бар, грегі бар, бәрі олардың етегінен тартқылап отырды.

Арап діншілдері "сендер бір кезде үстеріңе жүннен киім киген, көздерің сығыр, мал баққан жабайы тайпа едіңдер, мында келіп дін қабылдап адам болдыңдар, соны ұмытпаңдар" деп мұрындарын шүйіріп сырт айнала беріп күңкілдейтін.

Әрмендері талай бас көтеріп етектен тартқылады.

Басқа грек, күрд дегендері де әлі дес бермей келеді. Олармен әлі жұлқысып келе жатыр. Сондай кедергілерге қарамастан олар Анадолыда өз мемлекеттерін, тіпті бір кезде құдіретті империяларын құрып, әлі өздігін сақтап отыр. Өздерінің мықтылығымен сыртқы дұшпандарын да мойындатты, ішкі өзге ұлыстарды да түрік байрағына бас игізе білді.

Артына, атажұртқа қарайлап, сонау қилы замандарда Орыс пен Қытайдан запы көрген өз бауырларын да миллиондап Анадолы топырағына тартты.

Әлемде мемлекеттілігін сақтап қалған жалғыз түркі мемлекеті Түркия болған заманда, өз топырағынан пана таппаған соры бес елі түркі халықтары бас сауғалап сол жаққа жаппай ағылды. Оларға Түркия екі жылдың көлемінде азаматтық беріп бауырларына тартып жатты.

Тарихтағы бабамыз Оғыз Қағанды "түркінің үлкен әрі есті ұлдарының бірі" деуші еді, оның ұрпағы да бұл жерде естілік көрсетті.

Түріктің атақты зиялысы, өзі ұлтшыл, өзі ойшыл, түрік халқының дарынды ұлдарының бірі - Нихал Атсыздың еңбектерін қарап отырсаңыз, сол "Түрігім - қасиетті Түркістаным" деген үлкен мұң мен зарды көресіз.

Атсыз, біздің Қытайға қарсы бас көтерген баһадүр бабамыз - Оспан батырдың ерлігін мақтана жырлайды. Ол 20 ғасырдың 60 - 70 жылдары. Ол кезде Оспанды басқа тұрмақ өз қазағы да білмейді. Оспанның есімін біз кейін білдік. Орыс оның атын естіртпеді, Қытай бандит деді. Ал түрік зиялылары сол кезде бәрін біліп, оларды түгендеп, аттарын ұлықтап орыс пен қытайды қарғап отыр.

"Сыртта, біздің Атажұртымызды орыс қазір құлдықта ұстап отыр, бір көңіл көншітерлігі — ол жердегі түркі халықтарының саны 60 миллионға жуық, олардың саны көбейіп, орыс азаяды, сосын олар түбі азат болады" деген үмітін де жазады Нихал Атсыз.

Бұндай әңгімені кезінде Кемел Ататүрік те айтқан болатын.

Біз - түркі мемлекеттері 1991 жылы Советтен азаттық алғанда Түркия президенті Тұрғыт Өзалмен жалпы түрік зиялыларының неліктен қатты толқып, қуанғанын енді түсінген шығарсыздар.

Енді мынаны қараңыздар, 19 ғасырда, Осман империясы тұсында, Түркия тарихында "Османлы Жастары" (Osmanli gencleri) атанған түріктің жаңа толқын ұлтшыл зиялы қауымы пайда болады.

Олар іс жүзінде алғаш рет түрік ұлтшылдығының іргетасын қалап кеткен зиялы боп тарихта қалды.

Олар діншіл Анадолыда алғаш рет "біз араб емеспіз, біз түрікпіз, Киелі Түркістан біздің мекеніміз" деген сөзді алғаш айтқан адамдар болатын.

Бұл зиялы қауым да Түркістанды, түркі халықтарының ұлыларының аттарын жырлап, түріктің ұлттық сана сезімін қалыптастыра бастады.

"Османлы жастары" тіпті Шыңғысханды "күллі түркі жұртының бабасы" деп жариялады. Мәуреннахрдағы Әмір Темірді де бабамыз деп таныды. Тура біздің түркішіл Мағжан сияқты. Әруағыңнан айналайын Мағжан да бұл екеуін бабам деп жырлап кеткен еді кезінде.

Бұндай идеологиялық ауытқушылықты көрген түріктің қасындағы арап, күрді басқа да мұсылман халықтары, "бұл түріктер дінсіз кәпірлерді бабаларымыз деп танып, әбден есірді" деп жағаларын ұстаған екен.

Ал 20 ғасырда тарих сахнасына кейін шыққан осы "Османлы Жастарының" идеологиялық ізбасарлары - "Жас Түркілер", (Jon Turkler) Осман империясының тарқау тұсында билікке келіп, өздерінің сыртқы саяси стратегиялық жоспарына "бір кезде бабамыз Шыңғысханмен Әмір Темірдің иелік еткен жерлерін қайтарамыз" деген концепцияны мақсат қып қойған екен.

(Сол Шыңғысханды бізде қазір кім көрінген ермек етіп доп қып тепкілеп әлек. "Шыңғысханды бабамыз десек мүйіз шыға ма не, одан да ғылым іздейік" деп әңгімелеріне жөн - жосықсыз Шыңғыстың атын қосып лағатын білгіштер де көбейді).

Жалпы түрік тарихы - күрделі тарих. Соғысы көп, арпалысы көп.

Жоғарыда айтқанымдай өздері де қасқыр халық. Олар сыртқы, ішкі жауларымен арпалысуда өздері талай таяқ жесе де дереу естерін жинап алып тарихтың келесі беттеріне батыл сүңгіп жүрген мәрт халық. Ал түрік халқының арда ұлдарының бірі, яғни көсемі - Кемел Ататүріктің тарихы тіпті от қой, от.

Оған тек құрметпен қарай білуіміз керек.

Бізде, Орта Азия өңірінде мынадай сөз бар.

"Бізден Анадолыға кеткен түріктер кафказ боп кетті, грек, күрді боп кетті, нағыз түрік олар емес, нағыз түріктер мына біз" деген сөз бар. Ол сөзді бүгінде осы түріктерге оғыздан тараған түрікпендер де айтады, қазақ та айтады.

Бұл жерде біз мынаны түсінуіміз керек ағайын. Бұл сөз рас, оларға өте ауыр тиеді.

Сонша ғасыр түрік атауын сақтап, мемлекетін құрып, айналасындағылармен арпалысып, шамасы келгенше бауырларына қамқор бола білген, атажұрт күншығысқа қарайлаған, олар азаттығын алғанда, "түріктер көбейіп жатырмыз" деп жүрегі жарылардай қуанған ағайынға бұл сөз "сен туысым емессің, өгейсің" деп өңменінен итергендей боп тиетін сөз бұл.

Сондықтан Анадолы түріктерімен сөйлескенде, меніңше бұндай әңгімені көтерудің еш қажеті жоқ.

"Бауырмыз, кәрдешпіз", болды. Ол да өтірік емес, ақиқат.

Қысқасы, түріктің түркішілдігінің, мемлекетінің, халқының тарихына қатысты сөз көп, түбі терең.

Біз оның көбін білмейді екенбіз.

Олжас Әбілдің жазбасы

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1341738
Пікірлер

Көрші сілтемелер