шинхуа әгенттігінің 1 - айдың 24 - күні беижиңнен берген хабары (тылшы бай иың) . орталық радио - телевизя бас стансясы, шинжяң ұйғұр автономялы райондық пәрткөм үгіт бөлімі бірлесіп түсірген 8 серялі хұжатты филм «жүңгө шинжяң тарих іздері» жақында орталық телевизясінің әмбебәп арнасында қойылады. филм тарих, ұлт, дін, мәдениет сынды 4 тұрғы арқылы әрхеөлөгяліқ тәбістәрмен және беине жазба, тіл арқылы шинжяң өңірінің жұңхуа өркениетінің үлкен аясындағы тарихи тамырластығын айшықтап көрсетеді.
орталық радио - телевизя бас стансясының таныстыруына қарағанда, «жүңгө шинжяң тарих іздерінде» жылнамалық құрылым қолданылып, чин - хан, уи - жин, сұй - таң, моңғұл юан, миң - чиң, мингө және жаңа жүңгө қатарлы тарихи дәуірлерден өтіп, шинжяңның жергілікті тарихы, ұлттардың даму тарихы, діндердің өзгеру тарихы, өркениеттердің тоғысу тарихы сынды 4 негізгі тақырып қамтылып, ел іші - сыртындағы ондаған тарихшы мен әрхеөлөгя мамандарына тілшілік жасалған.
таныстыруға қарағанда, филмде жүңгө шинжяң өңіріндегі көптеген келелі тарихи фәкттер түсіндірілген: шинжяң жүңгө территөрясінің айрылмас бір бөлігі, шинжяңдағы әр ұлт халқы жұңхуа ұлты отбасының тамырлас мүшелері, шинжяң ежелден көп дін қатар өмір сүрген өңір, шинжяңдағы әр ұлт мәдениеті жұңхуа мәдениетінің құрамдас бөлігі.