Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өмір зая



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 00:40 - 2021/01/26

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/127629



Адамзат дамыған сайын жаңа технологиялар еніп жатыр. Соған сай ғылым да күрделі бола түсуде.

Бұған дайын болмаған адамдар, қоғамдар, мемлекеттер қателіктен-қателікке ұрынуда.

Мысалы, әлемдегі барлық дамушы мемлекеттер әлеуметтік  жағдайды басты орынға қояды.

Себебі, Әлеумет жағдайының тұрақты болуы, соған сай әлеуметтің өз мемлекетіне деген сый-құрметі "әлеуметтік толқулардың" алдын алады және мемлекеттің прогрессті (тұрақты деңіз) дамуының кепілі болады.

Ол үшін Мемлекет билігі толығымен мемлекеттік мүддеге сай әрекет етуі қажет. Бұл өте маңызды!

Ал, "мемлекеттік мүдденің" басты мазмұны - Халықтың жоғары тұрмыстық, рухани-мәдени жағдайын қамтамасыз етіп отыру.

Керісінше, авторитарлы қоғамда мемлекет билігінің мақсаты - көшбасшының ("авторитеттің") беделіне құрылатындықтан, қоғамда әртүрлі қайшылықтар туып, ол әлеуметтік ортаның іштей ыдырауына әкеледі.

Мұндайда мемлекет пен оның билігінің әрекеті әлеумет мақсат-мүддесінен, талабынан тысқары қалып қояды....

Мұндай мемлекеттер үнемі тек дамушы деген атаққа ие!

(Ешқашан одан аса алмайды).

Себебі, мұнда Халықтың потенциалдық мүмкіндігі іске қосылмайды.

Халықтың пассионарлық қуаты жасампаздыққа бағытталудың орнына, ол қуат жеке мақсатқа құрылған, тар шеңбердегі "мүддемен" күресуге шығын болады (рәсуә болады).

Сөйтіп, екі жақтың да күш-қуаты бекер шығындалып, мемлекеттің де, халықтың да жағдайы нашарлай береді....

Қазақ мұны өмір зая деп атаған.

Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1341720
Пікірлер

Көрші сілтемелер