Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мэнни Пакьяо Райан Гарсиямен жекпе-жек өткізе ме - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 00:30 - 2021/01/26

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/451226-menni-pakyao-rajan-garsiyamen-zhekpe-zhek-tkize-me



Мэнни Пакьяо Райан Гарсиямен жекпе-жек өткізе ме


Америкалық боксшы Райан Гарсия (21-0 18) атақты Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін, деп жазды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Гарсия жекпе-жекке арналған постердің суретін жариялап, «Армандар орындалады. Мен Мэнни Пакьяомен шаршы алаңды бөлісу құрметіне ие болдым. Рингте де, ринг сыртында да оны құрметтеймін» деп жазды:

Айта кетейік, бұл жекпе-жек туралы өзге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Гарсия соңғы жекпе-жегін 3 қаңтарда Далласта өткізді. Онда ол Люк Кэмпбеллді нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы WBC титулына қолжеткізді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1341718
Пікірлер

Көрші сілтемелер