Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:33 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kytaydagy-apat-zher-astynda-kalyp-koygan-kenshilerdin-11-i-kutkaryldy_a3744669


ЯНТАЙ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Құтқарушылар Қытайдың Шаньдун провинциясында 11қаңтарда жарылыс болған алтын өндіретін шахтадан 11 адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан Қызылордада көліктері қар құрсауында қалған алты аңшы құтқарылды Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Агенттіктің хабарлауынша, алғашқы құтқарылған кеншіні жергілікті уақыт бойынша 11:13-те алып шыққан. Ер адам ауыр жағдайда болған, оны дереу ауруханаға жеткізді.

Құтқару операциясына 633 адам мен 407 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда аталған шахтада жарылыс болып, 22 адам жер астында қалып қойған болатын. Құтқарушылар 12 кеншімен ғана байланыс орната алды, олардың біреуі кейіннен қаза тапты. Қалған он адамнан әзірге хабар жоқ.

Бұған дейін қытайлық құтқарушылар алтын кенішіндегі апаттан кейін екі апта бойы жер астында қалып қойған жұмысшыны алып шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1341015
Пікірлер

Көрші сілтемелер