Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Николай Чеботько қайтыс болған көлік апаты туралы толық ақпарат белгілі болды - Қазақстан және әлемд



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:30 - 2021/01/24

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/450929-nikolaj-chebotko-ajtys-bol-an-k-lik-apaty-turaly-toly-a-parat-belgili-boldy



Николай Чеботько қайтыс болған көлік апаты туралы толық ақпарат белгілі болды


Танымал қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько қайтыс болған апат туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 қаңтарда түнгі сағат 01:20-да Бурабай курорттық аймағында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері Көкшетау-Бурабай тас жолының 8-шақырымында Mercedes Benz 500G көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашпен соқтығысқанын, оқиға орнында көз жұмғанын анықтады» делінген.

Полицейлер 1984 жылы туылған жолаушы «жабық краниоцеребральды жарақат, мидың контузиясы» түріндегі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілгенін атап өтті. Жолаушының айтуынша, олар Үлкен Чебачьеден балық аулап қайтып келе жатқан. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды, CME тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1341014
Пікірлер

Көрші сілтемелер