Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:12 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/2020-zhyly-akimshilik-ister-boyynsha-kansha-ayyppul-salyndy_a3744666


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкінің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылы шамамен 7 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел бойынша 5,5 млн құқық бұзушыға 80 млрд 499 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданылды, оның 54 млрд 886 млн теңгесі өндіріліп алынды. Сонымен қатар, 3,4 млн айыппұлдың көп бөлігі алғашқы 7 тәулік ішінде 30,2 млрд теңге сомасында 50% жеңілдікпен төленді. Өткен жылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68 пайызды құрады», - делінген аталған комитеттің мәліметінде.

Ең көп айыппұл Алматы қаласында салынған. 16,4 млрд теңге сомасына 1,6 млн құқық бұзушылық анықталды, оның 10,6 млрд теңгесі төленді.

Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. 1 млн құқық бұзушыға 13,5 млрд теңге айыппұл салынып, 9 млрд теңге өндірілді.

Ең азы Солтүстік Қазақстан облысында, яғни 1,4 млрд теңге сомасына 73 мың айыппұл салынды, оның 891 млн теңгесі төленді.

Мемлекеттік органдар арасында құқық бұзушылықтардың ең көп санын ішкі істер органдары анықтады, оларға барлық әкімшілік істердің 90 пайыздан астамы тиесілі.

«Ішкі істер органдары жалпы 52 млрд теңге сомасына 5,3 млн құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, оның ішінде мемлекет бюджетіне 35,2 млрд теңге түсті. Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камералары тіркеген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 26,8 млрд теңге сомасына 3 млн-нан астам шешім шығарылды», - делінген хабарламада.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1341010
Пікірлер

Көрші сілтемелер