Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жапонияда құрастырылған робот-қасқыр аңдарды үркітіп жатыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:39 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhaponiyada-kurastyrylgan-robot-kaskyr-andardy-urkitip-zhatyr_a3744663


ХОККАЙДО. KYODO NEWS -ҚазАқпарат –Хоккайдо орталығында көліктерге арналған қосалқы бөлшектерді өндіруші кәсіпорынның аюларды және басқа да жыртқыш аңдарды қорқытуға арналған құбыжық робот-қасқыры ел назарын аударуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жапония Олимпиаданың 2032 жылға ауыстырылатынын жоққа шығарды ОАР-да медициналық тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты Ирак астанасында екі жарылыс болып, кем дегенде 23 адам мерт болды

Роботтың ұзындығы 1,2 метр, оны Ohta Seiki Co компаниясы жасаған. Ол 60-қа дейін түрлі дыбыстар шығара алады, қасқырдың ұлығанын және адам даусын сала алады. Робот басын жарық диодты көздерімен қозғалту арқылы жақындап келе жатқан жануарларды инфрақызыл дабыл бергішпен анықтайды.

Жапонияда шамамен 70 робот орнатылды, оның ішінде жергілікті тұрғындарды қабандар мазалайтын Окинаваның оңтүстік префектурасындағы Исигаки аралы да бар.

Қосалқы бөлшектерді өндіруші компанияның президенті Юджи Охта жыртқыш аңдардың егінге келтірген залалын бақылау қажеттілігіне байланысты мұндай роботтарға қызығушылық білдіріп отырғандығын айтты. Шет елдер де осынау құбыжық қасқырға сұраныс танытып отыр, соған орай экспортқа шығару да қолға алынбақ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1341001
Пікірлер

Көрші сілтемелер