Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өскеменде 400 көшеге жарық орнатылады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:20 - 2021/01/24

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/450853-skemende-400-k-shege-zhary-ornatylady



Өскеменде 400 көшеге жарық орнатылады


Өскеменде 400-ге жуық көшеге жарық орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы – энергия үнемдейтін шамдар. Ал бұрынғы ескі жарық бергіш қондырғылар да кәдеге жарап жатыр. Қайтадан жөндеуден өткізіп, шырағын жаңалап көп қабатты үйлердің ауласына орнатылады. Ескі жарықтарды қалалық тұрғын үй коммуналдық қызметі өз қаражатына жөндетеді. Бүгінге дейін 200-ге жуық энергия үнемдейтін шам жеке пәтер кооперативі иелеріне таратылды. Ал жалпы осы жылдың соңына дейін қала көшелеріне 14000-нан астам энергия үнемдейтін шам орнату жоспарланып отыр.

Владимир Грицай, мердігер компания директоры:

– Барлық жеке пәтер иелері кооперативтерінде мұндай шамдарды сатып алуға қаржылық мүмкіндіктер жоқ. Сондықтан біз ол жұмысты өз қаржымызға орнатып жатырмыз. Ескі шамдарды әкімдік бізге тегін берді. Есесіне біз жаңасын орнатып жатырмыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1340899
Пікірлер

Көрші сілтемелер