Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг өмірден өтті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:50 - 2021/01/24

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/aty-anyzga-aynalgan-telezhurgizushi-larri-king-omirden-otti


Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында өмірден өтті. Жыл басында одан коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылған еді. Оның қайтыс болғаны туралы хабар сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Лоуренс Харви Зейгер (Ларри Кинг) 1933 жылы Бруклинде еврей отбасында дүниеге келген. Оның әке-шешесі дін ұстанатын жандар болғанымен, өзі есейе келе агностик болды. 

Әйгілі тележүргізуші журналистік салада 60 жыл қызмет атқарды. Оның тең жартысына жуық уақыт Си-эн-эн телеарнасында өзінің авторлық бағдарламасын жүргізді. 

Кинг әлемге танымал саясаткерлермен, шоу-бизнес жұлдыздары, атақты спортшылармен сұхбат құрды. 

Тікелей эфирде шығатын Larry King Live ток-шоуын "дәурені жүріп тұрған шағында" бір түнде 1,5 миллион көрермен тамашалайтын болған. 

Бұл бағдарламаның ең соңғы бөлімі 2010 жылы шықты. Сол мезетте Larry King Live тарихта жүргізушісі ең ұзақ уақыт ауыспаған телебағдарлама ретінде рекорд орнатып, Гиннес кітабына енді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1340884
Пікірлер

Көрші сілтемелер