Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының келесі қарсыласы анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:40 - 2021/01/24

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/olimpiadalyk-irikteu-su-dobynan-kazakstan-ayelder-kuramasynyn-kelesi-karsylasy-anyktaldy


Италияның Триест қаласында су добынан Токио Олимпиадасы іріктеу турниріндегі Қазақстан әйелдер құрамасының келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық ватерполшылар 5-8 орындар үшін сайыста Словакияны жеңген болатын. Осылайша олар 5 орын үшін сынға түсу мүмкіндігіне қол жеткізді. 

Жарыстың бұл сатысында қазақстандық құрама Франциямен шеберлік байқасатын болды. Француз қыздары бүгін Израильді 11:4 есебімен тізе бүктірді. 

Атап өтерлігі, Қазақстан қыздары В тобында сынға түсті. Алғашқы ойында Грекиядан 5:13, одан кейін Венгриядан 6:23 есебімен жеңілді. Соңғы ойында Израильмен 7:7 есебімен тең ойнады. Ширек финалда қазақстандық ватерполшылар Нидерландыға жол берді.

Айта кетейік, іріктеу турнирінде жартылай финалда Нидерланды мен Грекия, Венгрия мен Италия құрамалары сынға түседі. Олимпиадаға екі жолдама беріледі. Жеңген екі құрама финалда, жеңілгендері 3 орын үшін сайысқа түседі. Іріктеу турнирі 24 қаңтарда мәресіне жетеді. Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы Олимпиадада екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы - 6, 2004 жылы - 8 орын алды. 

Іріктеу турнирінде жартылай финалда Нидерланды мен Грекия, Венгрия мен Италия құрамалары сынға түседі. Олимпиадаға екі жолдама беріледі. Жеңген екі құрама финалда, жеңілгендері 3 орын үшін сайысқа түседі. Турнир 24 қаңтарда мәресіне жетеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1340883
Пікірлер

Көрші сілтемелер