Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ғаламторда тағы бір қазақстандық альбиностың суреттері пайда болды - Қазақстан және әлемдегі соңғы ж



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:20 - 2021/01/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/450731-alamtorda-ta-y-bir-aza-standy-albinosty-suretteri-pajda-boldy






Әлеуметтік желілерде оралдық альбинос жігіттің суреттері кең тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келбетімен ерекшеленген бозбала Орал қаласында тұрады. Оны жергілікті кәсіби фотограф суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Картиналар аз уақыт ішінде көптің қызығушылық тудырып үлгерді.

Евгений Ли 19 жаста. Қазір ол медициналық колледжде білім алып жатыр. Бозбаланың ерекше келбеті көпті таңқалдырып та, тамсандырып та жүр. Шашы мен кірпік-қасының түсі табиғи екеніне күмәнмен қарайтындар да бар. Шын мәнінде бұл – кәдімгі жаратылыс. Кейіпкеріміз отбасы жөнінде ақпарат бермеді. Тек туыстары арасында өзге альбинос жоқ екенін айтты.

Евгений Ли, студент:

- Бұрында аталарым сондай болған шығар деп ойлаймын негізі. Себебі ол сол генге байланысты. Атырау қаласында туылдым. Сосын осында Оралға келдім 4-сыныпқа. Сосын осында қалғым келді, себебі араласатын адамдарымның барлығы осында.

Әлеуметтік желілерде оралдық альбинос жігіттің кәсіби түрде түсірілген суреттері кең тарап кетті. Бұл картиналардың авторы – Айна Абдуллина. Ол Евгенийді алғаш рет көшеде көрген. Алайда дәл сол сәтте тілдесуге мүмкіндік болмапты.

Айна Абдуллинa, фотограф:

- Достармен сөйлесіп тұрғанда қасымыздан Женя досымен өтіп кетті. Құрбым: «әдемі бала өтіп кетті альбинос сияқты» деді. Мен артынан қуып жетейін десем, ол өте жылдам жүреді екен. Мен оны интернеттен тауып іздемек болып «осындай баланы көрдім, мені тапшы, мен сені суретке түсірейін дегенмін» деп жаздым. Сосын ол маған өзі жазды «Здраствуйте! Вы меня искали» деп.

Фотограф бойжеткен алғашында суреттердің сәтсіз шыққанын айтады. Өйткені Евгений түсірілімде өзін еркін сезіне алмапты. Кейін жеке шеберлік сағатынан соң сапалы туындылар пайда болды. Картиналар альбинос жігітке жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Қазірдің өзінде басылымдардан ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1340624
Пікірлер

Көрші сілтемелер