Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Іс-шараларды баяндады – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 10:15 - 2021/01/23

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/is-sharalardy-bayandady/


Іс-шараларды баяндады – Астана Ақшамы

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Елбасына қала құрылысын жүргізу жоспарлары және санитарлық-эпидемиология­лық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қабылданған іс-шаралар жөнінде баяндады.
Алтай Көлгінов 2020 жылы маңызы зор жобаларды іске асыруға және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін бас қалаға 1 трлн теңгеден аса инвестиция­лар тартылғанын мәлім етті. Талқылау барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі COVID-19 пандемиясы жағдайында елордадағы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
***
Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
Кездесуде Нұрсұлтан ­Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын уақытылы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Әңгіме барысында министрліктің экономиканы әрі қарай әртараптандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1340623
Пікірлер

Көрші сілтемелер