Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырауда журналистерге тұрғын үй сертификаты табысталды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:10 - 2021/01/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/450734-atyrauda-zhurnalisterge-t-r-yn-j-sertifikaty-tabystaldy



Атырауда журналистерге тұрғын үй сертификаты табысталды


Атырау облысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін игі бастама қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылдан бастап баспанасыз жүрген көп балалы журналист отбасыларына жергілікті биліктің көмегімен пәтер алуға мүмкіндік туды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін алғашқы жарнаның қомақты бөлігі Тауман Амандосов атындағы облыстық жүлде қоры арқылы төленді. Аталған қор демеушілердің қолдауымен құрылған. Бұл жолы 5 журналистке 1 миллион теңгенің «Тұрғын үй» сертификаты табыс етілді. Сертификат иелері баспанаға өте зәру және жұмыс өтілі толық журналистер арасынан таңдалды. Оны БАҚ өкілдерінің өздері арасында құрылған комиссия іріктеді.

Бақытгүл Хаменова, облыс әкімінің орынбасары:

- Алғашқы, бастапқы жарнасы табыс етілді. Жалпы қай салада болмасын, қай негізде болмасын БАҚ өкілдері жалпы ел мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы алтын көпір. Сондықтан да олардың әлеуметтік жағдайына қолдау білдіру, елдің игілігіне қызмет етуі үшін жағдайларын жасау – бүгінгі күндегі біздің басты мақсатымыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1340621
Пікірлер

Көрші сілтемелер