Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 10:00 - 2021/01/23

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/ahualdy-baqylauda-ustaudy-tapsyrdy/


Ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды – Астана Ақшамы

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа COVID-19 індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Президентке пандемияның жер шарындағы негізгі таралу тенденция­лары және вирусқа қарсы күрестегі еліміздің рейтингісі туралы да баян­далды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында, өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-орында, өлім-жітім бо­йынша 94-орында, COVID-19 індетінен жазылып шыққандардың саны бойынша 48-орында, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.
Мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурс­тары жайында мәлімет берілді. Денсаулық сақтау министрі жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 пайызға толғанын, жан сақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 пайызға жеткенін айтты.
Алексей Цой COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Министр елімізде адамдардың індеттен қайтыс болу деңгейі былтыр­ғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді. Бұл дертке шалдыққандарға көмек көрсету үшін қабылданған шаралардың, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем беру деңгейінің тиімділігін көрсетеді. Құзырлы ведомствоның мәліметі бойынша, барлық өңірдегі салынған жұқпалы аурулар ауруханалары халықаралық стандартқа сай келеді және науқастарға қажетті көмек көрсетуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыра отырып, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1340618
Пікірлер

Көрші сілтемелер