Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматылық алып күш иесі ұшақты тісімен сүйреуге дайындалып жүр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңал



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 09:50 - 2021/01/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/450729-almatyly-alyp-k-sh-iesi-sha-ty-tisimen-s-jreuge-dajyndalyp-zh-r






Алматыда алып күштің иесі тұрады. Александр Данчев ерекше табиғи қабілеті бар жан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жүк көліктерін тісімен тартып қозғалта алады. Тіпті 26 тонна вагонды тіспен сүйреп, есімі Қазақстан рекордтар кітабына енді.

Александр Данчевтың жасы 32-де. Спортпен бала кезден шұғылданып келеді. Ауыр заттарды көтеруге әбден мақыштанған. Үнемі шынығып,  қабілетін шыңдады. Бірнеше тонна болатын көліктерге жіп байлап, тістеп жылжыта алады. Ал, темір мен шегені майыстыру ол үшін еш қиын емес. Алдағы уақытта ол атақты цирк әртісі Александр Засстың адам таңғаларлық рекордын қайталауды жоспарлайды. Өткен ғасырдың басында цирк өнерпазы Засс әйелді пианиноға отырғызып көтеріп алған.

Александр Данчев, спорт шебері:

- Сол әдісті қайталағым келеді. Көп дайындық пен жаттығу керек. Оны спортзалда жасау мүмкін емес. Жалпы пианино мен адамның салмағын қоса есептегенде шамамен 300 келі болады.

Пауэрлифтинг спортына дейін Александр каратэ, акробатика, кикбоксинг және таэквондомен шұғылданған. Бірақ 16 жасында экстремалды спорт түріне ықыласы ауады. Әуелі тісімен су толтырылған құтыларды, тас пен кірпіштерді көтере бастайды. Тіс дәрігеріне жиі баруды да ұмытпайды.

Александр Данчев, спорт шебері:

- Ауыр зат көтергендіктен тістерім кез келген сәтте үгітіліп, мүжіліп, сынып кетуі мүмкін. Сондықтан тіс күтімін естен шығармаймын.

Жүк вагонын орнынан қозғалтқан Александр енді ұшақты да тісімен жылжытуды мақсат етеді. Сол үшін қызу дайындалып жатыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Шапағат Қуатбекова, Эдуард Кон

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1340615
Пікірлер

Көрші сілтемелер