Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Депутат зейнетақы туралы заңның орындалуын сынға алды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:40 - 2021/01/20

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/450138-deputat-zejneta-y-turaly-za-ny-oryndaluyn-syn-a-aldy



Депутат зейнетақы туралы заңның орындалуын сынға алды


«Зейнетақы қорындағы қаржыны алу ережесі қаңтардың соңына дейін бекітілуі тиіс».

Бүгін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осылай деп, заңның орындалуын сынға алды.

Палата өкілі Премьер-министр мен Ұлттық банктің басшысына депутаттық сауал жолдады. Онда жауапты органдар әлі күнге дейін жауапкершілікті бір-біріне сілтейтіні айтылған. Ал заңның жүзеге асуын 700 мыңнан астам адам сарыла күтіп отыр. Сондай-ақ депутат «зейнетақы қорына алынған үйді бес жыл ішінде сатуға болмайды» деген шартқа жұрт келіспейтінін алға тартты. Себебі бес жылда адам өзге өңірге қоныс аударуы немесе басқа баспана алуы мүмкін. Осылайша, Аманжан Жамалов Үкіметті, азаматтардың заңды құқығын бұзбауға шақырды.

Айта кетейік, зейнетақы қорындағы шекті сомадан асқан қаржыны алуға қатысты заңға Президент 2 қаңтарда қол қойған болатын. Десе де, Үкімет нақты ережелерді әлі бекіткен жоқ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1339010
Пікірлер

Көрші сілтемелер