Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:21 - 2021/01/20

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/batys-kazakstanda-60-ka-zhuyk-baladan-koronavirus-anyktaldy_a3743357


Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 58 баладан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аурудан жазылғаннан кейінгі оңалтуға бөлінетін қаржы 9 есе өсті – Болат Төкежанов Медициналық сақтандыру қоры пандемия кезінде міндетін толық орындады - Басқарма төрағасы Германия қатаң карантин режимін 14 ақпанға дейін созбақ

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері өңірде 263 бала індет жұқтырған.

Соның ішінде қыркүйекте - 4, қазанда - 5, қарашада - 102, желтоқсанда 78 бала ауырды. Қараша мен желтоқсанда 16 балабақша тәрбиеленушісі сырқаттанды. Балалардың бәрі де індетті отбасы мүшелерінен жұқтырды.

Облыста осы кезге дейін 10 030 адам дертке шалдықса, соның 8 661-і жазылып шықты. 183 адам өмірден озды.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарларында 299 адам емделіп жатыр. 28 адам жансақтау бөлімінде.

Еске сала кетейік, БҚО-ның бес ауданында карантин күшейтілді .


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1339003
Пікірлер

Көрші сілтемелер