Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстау облысында ірі кәсіпорынның бұрынғы басшылығы сотталды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңа



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:10 - 2021/01/20

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/450097-ma-ystau-oblysynda-iri-k-siporynny-b-ryn-y-basshyly-y-sottaldy



Маңғыстау облысында ірі кәсіпорынның бұрынғы басшылығы сотталды


Маңғыстау облысында энергиямен жабдықтайтын ірі кәсіпорынның бұрынғы басшылығы сотталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп, сотқа жолдады.

«Осылайша, 2016 жылы «АЭЖБ» МҚК (бұрынғы басшысы Қабдолғалиев А.Л. тұлғасында) және «Абзал и Компания-1» ЖШС (бұрынғы директоры Камилов Р.Т. тұлғасында) арасында 53 млн теңгеден астам сомаға релелік жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа қол қойылды.

2018 жылы Маңғыстау облысы бойынша ІМАД-нің жүргізген аудиторлық тексерісіне сәйкес «Абзал және Компания-1» ЖШС-нің өз міндеттемелерін орындамағанына қарамастан, «АЭЖБ» кәсіпорны оған келісімшарт сомасы мен қосымша 3 000 000 теңгені толық аударғаны анықталды», - делінген ҚР ҚМ ҚМК хабарламасында.

Сондай-ақ 2018-2019 жылдар аралығында осы кәсіпорындардың басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алаяқтық және басқалардың сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу/талан-таражға салу деректері бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т., 190-б. 4-б). Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 73 млн астам теңгені құрады.

Ақтау қалалық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 189-б. 4-б. 2-т., 190-б. 4-б. 2-т., 216-б., 2-б. 2-т., 371-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оларға. 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды (Даулетбаков А.М. 5 жылға, Камилов Р.Т. 2 жылға, Қабдолғалиев А.Л. 2 жылға, Тоғысова Г.К. 7 жылға).

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1338998
Пікірлер

Көрші сілтемелер