Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Депутат біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесін тездетіп қабылдауды сұрады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:50 - 2021/01/20

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/deputat-birzholgy-zeynetaky-tolemderin-paydalanu-erezhesin-tezdetip-kabyldaudy-surady


Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тиісті мақсаттарға пайдалану бойынша заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды тездетуді сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы орайда ол 2020 жылдың қыркүйегінде Президент өз Жолдауында 2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алатынын жариялағанын еске салды. Бұл ретте тиісті заңға Мемлекет басшысы қол қойып, құжат заңды күшіне енді. 

«Алайда Үкімет тарапынан баспана жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесі әлі де қабылданбады. 761 мың азамат осы ережені күтіп отыр. Олардың көбісі баспана таңдап алған, ал бұл ереже жобасы түрлі келісулер бойынша кабинет аралап жүр. Осы орайда халық тарапынан көптеген ескертулер түсіп жатқанын айта кеткен жөн», - деді А. Жамалов ҚР Премьер-Министрі мен ҚР Ұлттық банкі төрағасының атына жолданған депутаттық сауалында. 

Оның айтуынша, азаматтардың біразы баспананы 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге наразы. 

«Бұл тұрғыда азаматтардың қарапайым өмірлік жағдайлары ескерілмеген, яғни басқа өңірге көшу, тұрғын үй жағдайын ары қарай жақсарту жоспарлары бар ғой. Президент тапсырмасы мен ел халқының үмітін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бойынша қажетті заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды тездетіп, 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін оларды іске қосуды сұраймын», - деді А. Жамалов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1338985
Пікірлер

Көрші сілтемелер