Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:42 - 2021/01/20

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/azamattar-42500-tenge-algan-ayda-medsaktandyru-koryna-zharna-toleuge-mindetti-emes-amsk_a3743348


Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтар 42 500 теңге алған айда медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күреске МӘМС жүйесінен 187 млрд-тан астам теңге бөлінген

«Жыл соңында бұқаралық ақпарат құралдарында 42 500 алушының медициналық сақтандыру қорына қарыздар болып қалғандығы туралы ақпарат пайда болды. Яғни, азаматтар бір реттік төлем алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасау арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтушы екенін дәлелдеді. Көпшілігі бірыңғай жиынтық төлем оларды медициналық сақтандыру қорында сақтандырды деп ойлады, бірақ олай емес болып шықты. Яғни, азамат 42,500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, кейін жұмысқа тұрса және МӘМС жүйесінде сақтандырылған деген мәртебеге ие болу үшін ай сайын медициналық сақтандыру қорына жарна аударып тұрғысы келсе – алдымен бір жылғы қарызды өтеуі керек пе? Осы мәселені түсіндіріп өтіңізші», - деген сұрақ қойылды брифингте.

Бұл сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева жауап берді.

«Негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер Қорға медициналық көмек алған күннен бастап кемінде үш ай қатарынан жарна төлеуге міндетті. Яғни, егер сіз өзіңізді бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушісі ретінде тағайындаған болсаңыз, онда сіз ай сайын және үзіліссіз тұрақты төлемдер жүргізіп отыруыңыз керек. Егер төлем мерзімінде үзілістер болса, онда сіз қандайда бір айда бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып саналмайсыз», - дейді ол.

Департамент директорының а йтуынша, заңнама бірыңғай жиынтық төлемді өткен кезең үшін төлеуге жол бермейді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін жарна төлемеген адамдар соңғы 12 айда жарна төлеуі керек.

«Бірыңғай жиынтық төлем біржолғы әлеуметтік жәрдемақы – 42 500 теңге алу үшін төленді. Содан кейін ведомствоаралық комиссия осы санаттағы адамдарды 42500 мөлшерінде әлеуметтік көмек алған кезеңдері үшін жарналар төлеуден босату туралы шешім қабылдады, яғни 42 500 алған айларда азаматтар жарна төлеуге міндетті емес», - дейді Забира Оразалиева.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1338980
Пікірлер

Көрші сілтемелер