Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:40 - 2021/01/20

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/450137-birneshe-oblysta-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zhariyalandy



Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды


Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

21 қаңтарда Түркістан облысында тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші –15-20 м/с. Шымкент қаласында 21 қаңтарда күндіз жел күшейеді. Түркістан қаласында 21 қаңтарда оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел болады.

21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Қызылорда қаласында 21 қаңтарда жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Ақтау қаласында 21 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

21 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Көкшетауда 21 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

21, 24 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 21 қаңтарда көктайғақ күтіледі. 24 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең 24 қаңтарда екпіні 23-28 м/с. Таразда 21-24 қаңтарда кей уақытта тұман, 22-23 қаңтарда көктайғақ болады. 22, 23, түнде және таңертең 24 қаңтарда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

21-22 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, 22 қаңтарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

22 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

22-23 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

22-23 қаңтарда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 22, 23 қаңтарда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с.

21 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/. Петропавлда 21 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1338974
Пікірлер

Көрші сілтемелер