Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сарапшылар Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 2,7% өсетінін болжайды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:33 - 2021/01/20

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261982-sarapshylar-qazaqstannynh-zhio-2021-dgyly-27-osetinin-boldgaydy


Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі зерделенді. Осы жарияланымда келесі негізгі индикаторлар бойынша болжамдарға қатысты сұрақтарға респонденттердің жауаптары берілген:

  1. Brent маркалы мұнайдың құны;
  2. Ресей рубліне қарсы АҚШ долларының құны;
  3. Қазақстандық теңгеге қарсы АҚШ долларының құны;
  4. Инфляция;
  5. ЖІӨ;
  6. ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі.

Сонымен түйін төмендегідей.

Қаржы нарығының сарапшылары қысқа мерзімді келешекте курстың күрт қозғалысын күтпейді: USDKZT бағамы 419,64 теңге деңгейінде болжануда.

Алайда, бағам бойынша орташа мерзімді күтулер мұнай бағасының өсуіне қарамастан біршама нашарлады. Бір жылдан кейін USDKZT бағамы бір ай бұрын бір доллар үшін 429,73 теңгеге қарсы бір доллар үшін 431,6 теңге деңгейінде болжанады.

Инфляциялық күтулер нақты инфляцияның соңғы теріс үрдістері аясында өсіп келе жатқан динамиканы көрсетті.Жылдық инфляция 12 айдан кейін бұрын 6,9%-ға өсу күтілуіне қарсы 7,1%-ды құрауы мүмкін.

Бұл ретте 2021 жылы экономиканың өсуі бойынша күтулер жақсаруды жалғастырды: сарапшылардың пікірінше, ЖІӨ келесі 12 айда 2,7%-ға (бұрын 2,5%) өседі.

Сарапшылар 25 қаңтардағы отырыстың қорытындысы бойынша базалық мөлшерлеменің жылдық 9,0% деңгейінде сақталуын күтуде. Бірақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол 25 б.п.төмендеуі мүмкін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1338971
Пікірлер

Көрші сілтемелер