Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:36 - 2021/01/19

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-2021-zhyly-6-myn-shakyrym-zhol-salynady_a3742739


Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында алдағы құрылыс маусымындағы жұмыстар республикалық және жергілікті маңызы бар жолдың 6 мың шақырымын қамтитын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожол учаскесі жабық - ТЖМ Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады

«Осылайша, құрылыс және реконструкция республикалық маңызы бар жолдардың 4,7 мың шақырымында жүргізілмек. Бұдан бөлек, жергілікті автожолдар желісінің 1,3 мың шақырымы жол жөндеу жұмыстарының барлық түрімен қамтылып, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 76 пайызды құрамақ», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

Сонымен қатар, 2021 жылдың бірінші тоқсанында ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын ақылы жол учаскелерін тестілік пайдалануға енгізу жоспарлануда. Ал биылғы жылдың екінші тоқсанында толықтай іске қосылуы тиіс.

Айта кету керек, 2021 жылдың соңына дейін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 66%-ын Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, реконструкция аясында 40 санитарлық-гигиеналық торапты орнату және күтіп ұстау жоспарлануда. Жеке инвестициялар есебінен СГТ бар 33 жанармай бекеті және 15 санитарлық-гигиеналық торап тұрғызылмақ. Сондай-ақ, келісім аясында жыл соңына дейін «Compass»заманауи автожолдар кешенінің төртеуі салынады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1337990
Пікірлер

Көрші сілтемелер