Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс Қазақстанда жол оқиғасынан бір адам қаза тапты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:24 - 2021/01/19

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/batys-kazakstanda-zhol-okigasynan-bir-adam-kaza-tapty_a3742762


Батыс Қазақстанда жол оқиғасынан бір адам қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда бес қабатты үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды Жамбыл облысында өрт сөндіруші бейтаныс әйелді ажалдан аман алып қалды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қаңтар күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

Сағат 14.18-де Орал-Атырау жолының 102-шақырымында 1974 жылғы жүргізуші «Ивеко» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен.

Соның салдарынан автокөлікте отырған жолаушы трассалық медициналық-құтқару бекеті қызметкерлері келгенше алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ 19 қаңтар күні сағат 03.38-де Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі Бітік ауылы маңында «»Фольксваген Пассат» автокөлігі жол жиегіне түсіп кеткен.

Трассалық медициналық-құтқару бекетінің күшімен 4 адам (екеуі – бала) құтқарылып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі медициналық көмекті қажетсінбеді.

БҚО ТЖ департаменті аса қажеттілік болмаса, ауа райының қолайсыз кезінде алыс жолға шықпау, егер төтенше жағдай туындаса, 112, 101 телефондарына хабарласу керектігін ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бес қабатты үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1337984
Пікірлер

Көрші сілтемелер