Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оқу орталығына ұрлыққа түскен күдікті ұсталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 13:09 - 2021/01/19

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261719-oqu-ortalyghyna-urlyqqa-tusken-kudikti-ustaldy


Қаскүнем оқу орталығынан жалпы құны 1 млн 200 мың теңге  тұратын техниканы, атап айтқанда "LG" маркалы теледидарды, "НР" маркалы принтер мен микротолқынды пешті жымқырған.

Ер адамның оқу орталығына түнде пластикалық терезені сығымдау арқылы кіріп, ұрлық жасағаны анықталды. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалмас үшін бет-жүзін жауып тұратын бас киім киген. Ол ұрлаған заттарын таксиге тасыған, келесі көшеде күтіп тұрған такси жүргізушісі ештеңеден күдіктенбеген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын бірнеше рет сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындады, заттай айғақтар тәркіленіп, оқу орталығына қайтарылды.

Сондай-ақ оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне объектілерін күзет дабылымен жабдықтауды ұсынады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1337977
Пікірлер

Көрші сілтемелер