Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаһандық жылыну адамзатқа қандай қауіп әкеле жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:50 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/449186-zha-andy-zhylynu-adamzat-a-andaj-auip-kele-zhatyr






Жыл сайын қаңтарда ғалымдар жер бетіндегі температура туралы баяндама дайындайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеу нәтижесі 2011-2020 жылдар метеобақылау тарихындағы ең ыстық он жылдыққа айналғанын көрсетіп отыр. Мамандар жаһандық жылынуға Эль-Ниньо құбылысы әсер еткенін айтады.

Дегенмен ең басты себебі – адам әрекеті.

Жалпы, өткен онжылдықта 2020 жылдан бөлек тағы бірнеше рет температура бойынша рекорд орнады.

2011-2020 жылдар тарихтағы ең ыстық онжылдыққа айналды. Бұл аралықтағы 2016, 2019 және 2020 жылдары температура бойынша рекорд тіркелді. 2016 жыл метеобақылау тарихындағы ең ыстық жыл болса, былтырғы көрсеткіштер одан да асып түсті. Бұл климаттың тез өзгеруінің бір белгісі дейді ғалымдар. Олардың сөзінің жаны бар. Өйткені кейінгі 12 айда орташа температура 14,9 градусты көрсеткен. Бұл 1850-1900 жылдарды қамтитын индустрияға дейінгі кезеңдегі температурамен салыстырғанда 1,2 градусқа жоғары. Мамандар оны Эль-Ниньомен байланыстырып отыр. Бұл табиғи құбылыс Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінде температураның ауытқуын тудырады. Бірақ ғалымдар жаһандық жылыну үшін ең алдымен адамзат жауапты дейді.

Годдард Гэвин Шмидт, ғарыштық зерттеулер институтының директоры:

– Былтыр карантин кезінде ауаға бөлінетін зиянды заттар мөлшері 7 процентке азайған. Алайда бұл температуралық көрсеткіштерге әсер етпеді. Яғни жағдай жақсы жаққа қарай өзгерді деп айтуға болмайды. Париж келісіміне кіретін елдер атмсфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін уағдаласқан көрсеткіштерге дейін азайтпаса, жағдай одан сайын ушығуы мүмкін.

Жаһандық жылынудан Боливияда Туни мұздығы жылдам еріп жатыр. Соның салдарынан енді ел тұрғындарына су тапшылығы қаупі төнді. Сан-Андрес университеті мамандарының айтуынша, бүгінде алып мұздықтың бар-жоғы бір шаршы шақырымы ғана қалған. Бұған дейін ғалымдар аталған мұздық 2025 жылға дейін сақталады деген еді. Бірақ мұз осы қарқынмен ери берсе, ол жуырда жоқ болады дейді мамандар. Жалпы осы бір мұздық көптеген Боливия тұрғыны үшін негізгі су көзі саналады. Мәселен, ел астанасы Ла-Пастағы су қорының 20 проценті тап осы мұздықтың үлесінде. Сондықтан Туни түгел еріп кетсе, ірі қала тұрғындары да, фермерлер де қиналайын деп тұр. Шамамен 10 жыл бұрын ғана Боливияда Чакалтай мұздығы еріп кеткен еді. Соның кесірінен елдегі жалғыз тау-шаңғы шипажайы жабылып қалған болатын.

Эдсон Рамирес, профессор:

– 18-19 ғасырларға шегінейікші. Сол кезде Тунидің аумағы қазір біз тұрған жерге дейін жететін. Міне, мына жердің бәрін мұз басып жатты. Халық санының артуы мен қалалық аудандардың ұлғаюына қатысты үлкен мәселе бар. Мәселен, Эль-Альтода жыл сайынғы өсім шамамен 5 процентті құрайды. Ал Ла-паста бұл көрсеткіш 2,5 процент төңірегінде. Яғни бір жақтан су қоры азайып жатса, екінші жақтан керісінше, халық саны артып, суға деген сұраныс ұлғайып барады.

Ғалымдар климаттың өзгеруінің салдары қандай болатынын болжап отыр. Мәселен, 2100 жылы жер бетінде қуаңшылық жайлаған өңірлер саны екі есеге артуы мүмкін. Сөйтіп су тапшылығы салдарынан ауыл шаруашылығы саласында дағдарыс туындап, халықтың жаппай қоныс аударуына әкеп соқтырады деген болжам бар. Мәселен, Түркияда жауын-шашын аз жауды, бұл былтыр соңғы он жылдағы ең алапат құрғақшылыққа соқтырды. Салдарынан Ыстамбұлда бір жарым ай ішінде тұщы су таусылуы мүмкін деген күдік бар. Ал бұл ауыл шаруашылығы өндірісін азайтып, азық-түлік бағасының қымбаттауына әкеледі. Жергілікті билік суды үнемдеуге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Су тапшылығы туралы Ыстамбұлдан бөлек, Түркияның ірі қалаларының өкілдері де хабарлап отыр.     

Мадагаскарды соңғы 10 жылда болмаған қуаңшылық жайлады. Бұл туралы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері хабарлады. Осыған байланысты қазір аталған ұйым мамандары аймақ тұрғындарына мейлінше көмек көрсетуге тырысып, азық-түлік жеткізіп жатыр. Өйткені алапат қуаңшылықтан егін күйіп кеткен. Бұл аздай, коронавирус пандемиясымен байланысты қиындықтар тағы бар. Індет кесірінен азаматтар маусымдық табыс көзінен айырылды. Мамандардың есебіне сүйенер болсақ, қазір Мадагаскардың оңтүстік өңірінде тұратындардың үштен бірі күнделікті тамаққа зәру. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есеге көп. Сондықтан ұйым өкілдері қазір ішерге ас таба алмай отырған жарты миллион тұрғынға көмек көрсетуді қолға алған.

Икемба, жергілікті тұрғын:

– Жоқтықтан тамақ іздеп, тіпті жер қазып, көкөніс іздеуге мәжбүрміз. Бірақ бүгін ештеңе өнбеді. Себебі қатты шаршадым. Жерден ештеңе табылмаған кезде теңіз суын ішеміз. Денсаулыққа зиян екені белгілі, бірақ амал нешік?!

Мамандар мемлекет басшыларын экология мәселесіне салғырт қарамауға шақырады. Яғни алған міндеттерді толық орындауға үндейді. Әйтпесе жағдай қазіргіден де қатты ушығады дейді. Сарапшылар 2021 жылдың қалай басталғанын мысалға келтіреді. Олар Испаниядағы аномальді қалың қар мен аязды айтып отыр. Бұл да – климаттың өзгеруінің бір көрінісі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1336508
Пікірлер

Көрші сілтемелер